Жаңалықтар

...
Психологиялық Қызметтің Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебіндегі «Ашық есік күні»
2026 ж. 13 нау., жм, 04:48

Университеттің Психологиялық Қызметі студенттерге арналған

Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінде «Ашық есік

күнін» өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің психологиялық

сауаттылығын арттыру, қауіпсіз әрі қолдау көрсететін студенттік ортаны

қалыптастыру және психологиялық көмек туралы ақпарат беру.

Іс-шара барысында студенттер мазмұнды кездесулер ұйымдастырылды.

AIU Психологиялық Қызмет басшысы, психолог Венера Елеу «Жеке шекара

және қауіпсіздік: сталкингтің алдын-алу» жүргізілген вебинар барысында

қатысушылар жеке шекара ұғымы, оны қорғау жолдары, сталкингтің

белгілері және мұндай жағдайлардың алдын алу туралы маңызды ақпарат

алды. Сонымен қатар, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары мен көмекке жүгіну

жолдары түсіндірілді.

«Студенттік ортадағы қарым-қатынас мәдениеті және психологиялық

қауіпсіздік» тақырыбында AIU психологы Ботагоз Жасұланқызымен кездесу

аясында студенттік ортадағы құрметті қарым-қатынас, жеке шекараны сақтау,

буллингтің алдын алу және психологиялық қауіпсіз ортаны қалыптастыру

мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында студенттер психологтармен ашық диалог жүргізіп,

өздерін толғандыратын тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алды.

...
AIU студенттері ЖББДҰО ресми сайтының бета-нұсқасын әзірлеу байқауында жеңіске жетті
2025 ж. 16 қаз., бс, 03:02

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанындағы Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығында ресми сайттың бета-нұсқасын әзірлеуге арналған байқаудың қорытынды отырысы өтті. Аталған байқауға еліміздің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттік командалары қатысты.

Байқауда қатысушылар ұсынған финалдық жобалар қарастырылды. Жұмыстар бірқатар критерийлер бойынша бағаланды.Атап айтсақ, техникалық тапсырмаға сәйкестігі, ақпараттық қауіпсіздік деңгейі, функционалдық мүмкіндіктері, заманауи дизайны, шешімдердің креативтілігі және қосымша функциялардың болуы.

Талқылау нәтижесінде бірінші орынды Astana International University студенттері — Ерғали Арыстан мен Жанат Алмаз иеленді. Екінші орын Astana IT University командасына, ал үшінші орын Г. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне берілді.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.Ал басқа қатысушыларға электронды сертификаттар табысталды.Бұл байқау студент жастарды білім беру саласындағы цифрлық жобаларға тартудың маңызды қадамына айналып, олардың ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби құзыреттерін дамыту алаңына айналды.

Astana International University Ерғали Арыстан мен Жанат Алмазды лайықты жеңісімен құттықтай келе, ғылыми жетекшілеріне көрсеткен қолдауы мен тәлімгерлігі үшін алғыс білдіреді.

...
Конституцияның 30 жылдығы – тарихи сабақтастық пен азаматтық жауапкершілік мерекесі
2025 ж. 27 қыр., сб, 08:10

Астана халықаралық университетінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті.

    Салтанатты шараға Астана халықаралық университетінің проректоры Абдрахманов Қайрат Амангелдіұлы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі “Қоғамдық келісім” Республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілі Нұрадинов Мейіржан Тұрланұлы және Астана халықаралық университеті Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Ыбырай Саят Баймұратұлы қатысты.

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция тәуелсіз Қазақстанның берік іргетасына айналды. Ол елдің саяси, құқықтық және әлеуметтік жаңғыруының негізгі бағытын айқындап, басты құндылықтарды бекітті, Атап айтсақ,

* адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау;

* теңдік пен әділеттілік;

* заң үстемдігі;

* бейбітшілік пен келісім.

Бұл қағидаттар заң баптарында ғана емес, қоғамның күнделікті өмірінде де айқын көрініс табуда.Сол тарихи жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл күнтізбелік сәйкестік емес, елдің болашағына жасалған тарихи таңдау болды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ өкілі Нұрадинов Мейіржан Тұрланұлы атап өткендей,

Қазіргі таңда Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілі тең құқықпен өмір сүріп, ортақ Отанымыздың дамуына өз үлесін қосуда.Конституция мен Ассамблеяның 30 жылдығы – азаматтық жауапкершілікті терең сезінуге, заңға құрметпен қарауға және туған елге адал қызмет етуге серпін беретін тарихи белес.

Іс-шара студенттердің шығармашылығына толы концерттік бағдарламаға ұласты. Бағдарлама аясында патриоттық рухтағы бейнероликтер, күй, би, поэзия және театрландырылған қойылымдар көрермен назарына ұсынылды.

Мереке соңында белсенді қатысушылар мен үздік орындаушылар марапатталды. Университет басшылығы осындай іс-шаралардың студенттердің патриоттық сезімін, мәдени-шығармашылық әлеуетін арттырудағы маңызын ерекше атап өтті.

...
Ұлттық жоғары білім беруді дамыту орталығы сайтының β-нұсқасын әзірлеуге арналған конкурстың жеңімпаздары
2025 ж. 14 шіл., дс, 06:00

2025 жылғы 8 шілдеде Алматы-Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығында Орталықтың ресми веб-сайтының бета-нұсқасын жасау бойынша конкурстың қазылар алқасының қорытынды отырысы өтті. Байқауға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттік командалары қатысты.


Бағалаудың негізгі критерийлері::

  • техникалық тапсырмаға сәйкестігі
  • қамтамасыз ету
  • ақпараттық қауіпсіздік функционалдығы
  •  заманауи дизайн
  • шығармашылық шешімдер және қосымша функцияларды енгізу



Талқылау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды.:

1 орын-Астана Халықаралық университетінің командасы

2 орын-Астана Ақпараттық технологиялар университетінің командасы

3 орын-Алматы энергетика және коммуникациялар университетінің командасы. Ғұмарбек Дәукеев

...
Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің аға оқытушысы Тынықулова Әсемгүл Сергужаевнаны сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтаймыз!
2025 ж. 23 мау., дс, 04:35

2025 жылдың 20 маусымында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университеті базасында Тынықулова Әсемгүл Сергужаевнаның «Жер ресурстарын

оңтайлы пайдаланудың ақпараттық жүйесі (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы

мысалында)» тақырыбындағы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін жазылған

диссертациялық жұмысының қорғалуы өтті. Оқу бағдарламасы: «8D06103 – Ақпараттық

жүйелер».

Отандық ғылыми кеңесші – Мұханова Аягөз Асанбекқызы, философия докторы

(PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ақпараттық жүйелер»

кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);

Шетелдік ғылыми кеңесші – Фаддеенков Андрей Владимирович, техника

ғылымдарының кандидаты, Н.М. Федоровский атындағы Заполяр мемлекеттік

университетінің «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының доценті

(Норильск қ., Ресей Федерациясы).

Жұмыста агроэкологиялық, топырақ-климаттық және кеңістіктік деректерді талдау

арқылы егін өнімділігін дәл болжауға және ауыл шаруашылық жерлерін басқаруда

негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін машиналық оқыту алгоритмдеріне

(Random Forest, XGBoost, CatBoost) негізделген тәсіл жүзеге асырылды. Зерттеу


қолданбалы бағыттылығы, ғылыми жаңашылдығы және жоғары практикалық

маңыздылығымен ерекшеленеді.

...
AIU гранттық өтінім жазуға арналған шеберлік сабағын өткізді
2025 ж. 12 мау., бс, 07:31

📅 2025 жылғы 12 маусым
📍 Astana International University

Astana International University-де «Грант-хак: грантты қалай жеңіп алуға болады?» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Спикер ретінде PhD, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми кеңесінің мүшесі Алибек Бактыбаевич Барлыбаев сөз сөйледі.

Шара алдағы айларда жарияланатын гранттық және мақсатты қаржыландыру конкурстарына дайындық аясында ұйымдастырылды. Оған ғылыми мансабын дамытқысы келетін жас зерттеушілер, оқытушылар мен университет қызметкерлері қатысты.

Шеберлік сабағында қатысушылар келесі маңызды тақырыптармен танысты:

·         жеңіске жетелейтін өтінім жазу әдістері;

·         құжаттарды дұрыс толтыру тәсілдері;

·         жиі кездесетін қателер және олардан қалай сақтануға болады;

·         тәжірибелі ғалымның нақты ұсыныстары мен мысалдары.

Алибек Барлыбаев зерттеу жобасына дайындалу барысында ерте бастау, ғылыми жарияланым белсенділігі және конкурс құжаттамасымен мұқият жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

Мұндай іс-шаралар AIU-дың ғылыми ортаны дамытуға және зерттеушілерге кәсіби өсу жолында қолдау көрсетуге бағытталған стратегиялық қадамы болып табылады.

...
ИННОВАЦИЯЛАР ДӘУІРІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ҮЛКЕН ДЕРЕКТЕР
2025 ж. 27 сәу., жс, 06:54

Сегодня прошла Международная научно-практическая конференция «AIU-2025: Казахстан и международное образовательное пространство: сотрудничество ради будущего», в рамках которой состоялась секция №2 на тему «ИНФОРМАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ, ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ И БОЛЬШИЕ ДАННЫЕ В ЭПОХУ ИННОВАЦИЙ».

 

Модератор секции — Байгожанова Дәметкен Сағидуллақызы, кандидат педагогических наук, Почётный профессор Республики Казахстан.

 

Поздравляем победителей секции:

 

🥇 1 место: Мұхаметкәрім Қаныш и Тлеубаева Аксауле Болатовна за работу «Спорттық бағдарламалау бойынша пәндік олимпиадаға дайындау платформасы»

🥈 2 место: Талдықбаева Тамирис Әділханқызы и Абдуллаева Жанасыл Тілекқызы за работу «Определение фейковых отзывов с помощью машинного обучения»

🥈 2 место: Қажымұрат Ғалымжан Асылбекұлы и Каимов Сулеймен Талгатович за работу «Toward rapid prototyping of real time cylinder detection with limited synthetic data and yolo 11n»

🥉 3 место: Медетбек Арайлым за работу «Measuring the success of digital anti-corruption policies: a comparative analysis»

🥉 3 место: Абдуханова Жанел Рахымжановна и Әбдіқалық Гүлназым Дүйсенбайқызы за работу «Обзор методов и технологий для выявления ложных новостей»

🥉 3 место: Бақтыбаев Асанәлі Асқарұлы за работу «Моделирование и анализ информационных систем в обучении»

 

Благодарим всех участников за их вклад в развитие инновационных технологий и научных исследований! #AIU2025 #инновации #искусственныйинтеллект #большиданные #образование


 

...
🌿 «Таза Қазақстан» экологиялық апталығы басталды! 🌿
2025 ж. 27 сәу., жс, 06:50

21–26 сәуір аралығында еліміздің барлық өңірлерінде республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық марафон өтуде. Бұл – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жүздеген іс-шаралар мен акцияларды біріктіретін ерекше апта!

🔹 Экологиялық апта Астана қаласындағы республикалық экофестивальмен ашылды. Фестивальға еріктілер, экоактивистер, стартап иелері, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

🔹 Фестиваль аясында экологияны дамытуға үлес қосқан үздіктер марапатталды:

"Үздік экологиялық білім мекемесі",

Суға ұқыпты қарау тақырыбындағы балалар сурет байқауы,

"Жасыл Университет" жобасы,

"Үздік экологиялық стартап" аталымдары бойынша.

🎉 Біз үшін мақтаныш: Astana International University Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің (ВШТИиИ) 1 курс студенттері осы экофестиваль аясында өткен көрмеге белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын, экоидеяларын ұсынды! 🌱👏

🟢 Студенттеріміздің бастамалары – жасыл болашаққа қадам!

Олар экологиялық жобалар, қайта өңдеуді насихаттайтын бұйымдар мен көрнекіліктер арқылы табиғатқа жанашыр көзқарастарын көрсетті.

📍 Министрліктің мәлімдеуінше, апта бойы елімізде 200-ге жуық экологиялық акциялар өткізіледі. Бұл бастама – елдің әр тұрғынын табиғатты қорғауға, экосана қалыптастыруға үндейді.

💬 Қоршаған орта – баршамызға ортақ. "Таза Қазақстан" – бұл бір аптаның ісі ғана емес, бұл – ұрпаққа аманат!