Туризм

Білім беру бағдарламасының тобы және коды:

В091 Туризм

Білім беру бағдарламасының коды және атауы:

6B11101 Туризм

Оқу мерзімі: 4

Оқу құны: 900000

Берілетін дәреже: Бакалавр

Туризм және рекреация саласында жұмыс істеуге арналған бакалаврларды даярлау, рекреациялық география мен туризм саласында теориялық білімі бар, деректерді жинау мен талдаудың заманауи әдістерін меңгерген, аумақтардың туристік-рекреациялық әлеуетіне баға бере алатын, турлар мен экскурсияларды ұйымдастырудың әртүрлі технологияларын қолдана білетін және алған білімін туризм қызметтері нарығының үнемі өсіп келе жатқан талаптарына сәйкес тәжірибеде қолдана алатын мамандарды даярлау

Туризм географиясы, туризм саласындағы мемлекеттік реттеу, туризм саласындағы инвестициялық саясат, туризм негіздері және туристік қызмет тарихы, туристік қызметтің құқықтық қамтамасыз етілуі, туризм статистикасы, туризмнің технологиясы және аумақтық ұйымдастырылуы (түрлері бойынша), әлемнің туристік аймақтары, туристік елтану, туроператорлық қызмет, туризм экономикасы, бизнес жүргізу, рекреациялық география және туризм, туризм индустриясындағы сапаны басқару, туризмдегі экскурсиялық қызмет, туризмдегі маркетинг, зерттеу әдістері және туристік саланың цифрлық трансформациясы, туризм саласындағы ғылыми зерттеу әдістері, Big Data негізінде туристік ағымдарды модельдеу және болжау, туристік аумақтардың табиғи әлеуетін бағалау, туристік формальдылықтар және сақтандыру, туризмдегі брендтеу және PR, инфографика және коммуникациялар, курорттық бизнес, әлемдік мәдениет пен өнер, іскерлік турларды ұйымдастыру, туристік-рекреациялық жобалаудың негіздері, туризм мен рекреацияға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, Қазақстан Республикасы мен әлемнің табиғи және мәдени мұрасы, Қазақстанның сакралды географиясы және топонимика негіздері, жобаларды басқару, туристік дестинациялар мен адами ресурстарды басқару, рекреациялық табиғатты пайдаланудың экономикасы

Туризм менеджерлері, туроператорлар, турлар мен экскурсияларды ұйымдастыру мамандары, экскурсоводтар мен гид-аудармашылар, туристерді қабылдау менеджерлері, туризмді мемлекеттік реттеу және дамыту саласындағы сарапшылар мен кеңесшілер, туристік компаниялардың маркетологтары мен PR мамандары, қонақүй және туристік кешендердің менеджерлері, іскерлік және іс-шаралық турларды ұйымдастырушылар, туризм нарығының талдаушылары

Каталог дисциплин