Астана Халықаралық университеті (AIU) базасындағы Пекин тіл және мәдениет университеті (BLCU) филиалында Дүниежүзілік қытай тілі күніне арналған каллиграфия байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мерекеге толы күн БҰҰ айтулы даталарына енгендіктен жыл сайын дәстүрлі түрде сәуірдің 20 күні тойланады.
Байқаудың тақырыбы — «Ұлы Жібек жолы жас ұрпақ көзімен».
Салтанатты шараға университет басшылығы: ректор Мырзағалиева Анар Базарқызы, проректор Әбдірахманов Қайрат Амангелдіұлы және ҚХР Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь қатысты.
BLCU Kazakhstan филиалының бакалавриат және Foundation бағдарламаларының білім алушылары қазақ-қытай достығын паш ететін жарқын өнерлерін көрсетіп, мерекелік шараны жоғары деңгейде өткізді.
Байқауға қытай тілі мен мәдениетін зерттеп жүрген 200-ден астам үміткер қатысқан. Үздіктер қатарында Астана Халықаралық университетінің (Педагогика жоғары мектебі және Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (филология кафедрасы), Конфуций институтының, сондай-ақ мектептер мен білім беру орталықтарының өкілдері болды. Марапаттарға келер болсақ:
«Instagram желісінде танымал» номинациясы бойынша 875-тен астам лайк жинап Қанатова Аяулым жеңімпаз атанды.
«Үздік жетістіктері үшін» номинациясының иегерлері болып Балгереева Амира Тимурқызы, Сағандықов Диас Талғатұлы, Қыдырқызы Гауһар, Жантөринова Жансая, Мусина Амина, Зарыпбекова Найрият, Ғазиз Айхан Аяшұлы, Нурова Инна, Оңталап Амина сайланды.
1-орынды Скандарова Жансая мен Майлыбаева Жанель қанжығасына байласа,
2-орынды Чжан Лина, Мухитова Гүлім, Сарманова Жанаргуль, Кабильдина Айша иеленді.
Ал кезекті 3-орын Қарқынқызы Айдидар, Елеусізова Адия, Жолдас Іңкәр, Галина Айжан, Асқарова Нұргүл Қуанышқызы, Эльмира Есқалиеваға бұйырды.
Аталған байқаудың өткізілуі екі ел арасындағы достықты нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосқаны сөзсіз.


























