6 мамыр күні Astana International University-де (AIU) университеттің психологиялық қызметінің ұйымдастыруымен «Гендерлік теңдік және өзіндік құндылық» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Іс-шара студенттердің гендерлік теңдік, өзіндік құндылық және психологиялық әл-ауқат туралы түсінігін арттыруға бағытталды. Кездесу барысында гендерлік стереотиптердің әсері, тұлғаның қалыптасуындағы отбасы мен қоғамның рөлі, сондай-ақ жеке шекараларды нығайту мен өзіне деген сенімділікті дамыту жолдары егжей-тегжейлі қарастырылды.
Іс-шараның арнайы қонағы — қоғам қайраткері, БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы (UNFPA) Құрметті елшісі Акмаржан Кушербаева болды. Ол гендерлік психология және тұлғалық даму саласындағы кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, өмірлік практикалық кейстерді ортаға салды. Ашық талқылау, сұрақ-жауап және практикалық жұмыс элементтерін қамтыған кездесу форматы студенттердің белсенділігін арттырып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.





