13–17 сәуір аралығында «Әлем біздің алақанда» тақырыбында география апталығы өтті.

2026 ж. 29 сәу., ср, 11:09

Апталықтың мақсаты – студенттердің география пәніне деген қызығушылығын арттыру,

білімдерін тереңдету және шығармашылық белсенділіктерін дамыту.

Апталық барысында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:

 13 сәуір – апталықтың ашылу салтанаты өтті. Сонымен қатар қайырымдылық жәрмеңкесі

ұйымдастырылды.

 14 сәуір – АІU студенттері арасында география пәні бойынша білімін тексеруге арналған

танымдық сайыс өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

 15 сәуір – «Қазақтың Қанышы» атты Медеу Сәрсеке шығармасына негізделген дөңгелек

үстел ұйымдастырылды. Сол күні студенттер арасында GEO QUEST зияткерлік ойыны

өтті.

 16 сәуір – студенттер арасында футбол ойыны ұйымдастырылды.

 17 сәуір – апталықтың жабылу салтанаты өтіп, белсенді қатысушылар мен жеңімпаздар

марапатталды.

Апталық аясында өткізілген іс-шаралар студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, пәнге

деген қызығушылығын күшейтуге мүмкіндік берді.


313