2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында университетте студенттердің танымдық
қызығушылығын арттыруға, химиялық білімді насихаттауға және білім алушыларды
ғылыми-шығармашылық қызметке тартуға бағытталған дәстүрлі «Химия апталығы»
өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Химияға тұрақты қызығушылық қалыптастыру, ғылыми ойлауды дамыту және
студенттердің шығармашылық бастамаларын қолдау.
Іс-шаралар барысы:
20 сәуір
1-корпустың 1-қабат фойесінде химия апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу аясында «Ғажайып химия» атты тәжірибелер көрмесі ұйымдастырылып,
студенттер көрнекі әрі қызықты химиялық тәжірибелер көрсетті. Іс-шара студенттер мен
оқытушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
21 сәуір
№ 78 мектеп – гимназиясының химия мұғалімі, Мухамедиева Гульжазира Жайыковнамен
«Электрондық конфигурация – атом құпиясын ашатын кілт: ЖИ-мен жаңа көзқарас»
тақырыбында мастер-класс өткізілді.
Қатысушылар атомның электрондық құрылысының ерекшеліктерімен танысып, химияны
оқытуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін қарастырды.
22 сәуір
Студенттердің «AIU – 2026: жасанды интеллект және цифрлық трансформация – жастар
ғылымын дамыту векторы» атты конференцияға қатысуы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында химия, биология және географияны оқытудың өзекті мәселелері
бойынша баяндамалар ұсынылып, заманауи ғылыми тәсілдер мен цифрлық технологиялар
талқыланды.
23 сәуір
Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған «Химия өнерде» атты
арт-байқау өткізілді.
Қатысушылар химия мен өнердің байланысын көрсететін жұмыстарын ұсынып, байқау
олардың креативті әлеуетін ашуға ықпал етті.
24 сәуір
Акт залында химия апталығының салтанатты жабылуы өтті.
Іс-шара аясында Химиктер күніне орай ұйымдастырылған «Жас химиктер сайысы» атты
конкурстық концерт өткізілді. Белсенді қатысушылар I, II және III дәрежелі дипломдармен
марапатталды.
