2026 жылғы 27 сәуірде Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары
мектебінде Ұлы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында «Atamnyn Amanaty»
қоғамдық бірлестігі Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Қарулы
күштерінің ардагері, әскери журналист, халықаралық «Алаш» әдеби
сыйлығының лауреаты Әбубәкір Әбдірейұлы Смайыловпен кездесу өтті.
«Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі – Екінші дүниежүзілік соғыс
кезінде жоғалып кеткен қазақстандық сарбаздардың жерленген орындарын
анықтап, іздестіру жұмыстарымен жүйелі айналысатын, әрі олардың тарихи
қаһармандық жолын ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында нәтижелі
еңбек етіп жатқан Қазақстан аумағындағы бірден-бір ұйым.
Астана халықаралық университетінде ұйымдастырылған «Аманатқа
адалдық: Ұлы Жеңіс ұрпақтар жадында» атты тағылымды іс-шара барысында
Ә.Смайылов бұған дейін із-түзсіз жоғалған 4 500 астам қазақстандық
жауынгердің табылғандығы, 23 жауынгердің сүйегінің туған еліне әкелініп
жерленгендігі туралы құнды деректер келтірді. Сонымен қатар бұл
бағыттағы жұмыстардың жалғасып жатқандығын, мұндай маңызды іске жас
ұрпақтың да өз үлесін қосуы керектігін ерекше атап өтті. Кездесуге қатысқан
Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессор-
оқытушылар құрамы, «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері
Ә.Смайыловқа сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.



