Химиктердің XVIII Республикалық пәндік олимпиададағы алтын медалі

2026 ж. 28 сәу., сс, 04:39

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері

арасында «6В012 – Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру

бағдарламалары тобы бойынша өткен XVIII Республикалық студенттік

пәндік олимпиада көптен күткен нәтижеге жеткізді: жеке есепте алтын

медаль жеңіп алынды!

2026 жылғы 15–16 сәуір аралығында Маңғыстау облысы, Ақтау

қаласындағы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және

инжиниринг университетінің базасында XVIII Республикалық химия

олимпиадасы өткізілді.

XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың нәтижесі бойынша:

1. Акрамов Асланбек Алтынбекұлы, «6В01503 – Химия» білім беру

бағдарламасының 2 курс студенті, жеке біріншілікте абсолютті 1-

орынға ие болып, алтын медаль және I дәрежелі дипломмен

марапатталды.

2. Астана халықаралық университеті командалық есепте 2-орынға ие

болып, II дәрежелі дипломмен марапатталды. Команда құрамында 2

курс студенттері Рахметулла Камиля Хикметуллақызы және

Акрамов Асланбек Алтынбекұлы қатысты.

3. 2027 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының

студенттері арасында «6В012 – Химия мұғалімдерін даярлау» білім

беру бағдарламасы бойынша өтетін XIX Республикалық студенттік

пәндік олимпиада Астана халықаралық университетінің базасында

ұйымдастырылады.

Қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

2022–2026 жылдар аралығындағы соңғы 4 жылдық нәтижелерді талдай

отырып, келесі қорытынды жасауға болады:

Химиктер командасы әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға 7 рет

қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Осы кезеңде AIU жетістіктер

қоржынына жеке есепте 10 медаль қосылып, команда 5 рет командалық

есепте жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Командалық есептегі нәтижелер:

 4 жыл қатарынан республикалық олимпиадалардың жүлдегері атанып,

жыл сайын 2-командалық орынды иеленді және өз нәтижесін тұрақты

түрде дәлелдеді;

 1 рет халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанып, 2-орынға ие

болды.

Жеке есептегі нәтижелер:

 3 жыл қатарынан жеке есепте 2-орын алып, 3 күміс медаль жеңіп алды;


 2 жыл қатарынан халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанып, 2

күміс және 4 қола медаль иеленді;

 XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша

алғаш рет жеке біріншілікте абсолютті 1-орын алып, алтын медаль

иегері атанды.

Астана халықаралық университетінің басшылығына: AIU Президенті

С.А. Ирсалиевке және Ректоры А.Б. Мырзағалиеваға командамыздың

әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысуына көрсеткен қолдауы мен

мүмкіндігі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Топ жетекшісі:

п.ғ.к., ПИ доценті Д.А. Нургалиева


599