Білім беру жүйесіне инклюзивті тәжірибелерді енгізу: теория және практика

2026 ж. 28 сәу., сс, 04:35

2026 жылғы 10 сәуірде Астана халықаралық университеті Астана

қаласының Оқу-әдістемелік орталығымен жасалған келісім аясында К.

Мынбаев атындағы №59 мектеп-лицейінің базасында «Білім беру жүйесіне

инклюзивті тәжірибелерді енгізу: теория және практика» тақырыбында

ғылыми-практикалық семинар-тренинг өткізді.

Іс-шара педагогтердің инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, ерекше

білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық

қолдау, сондай-ақ білім беру ортасында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру

мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.

Семинар барысында ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор, IASD

халықаралық сарапшысы А.А. Шаяхметова ерекше білім беру қажеттіліктері

бар оқушыларды оқытудың заманауи тәсілдерін ұсынды. Ерекше назар білім

алушыларды сүйемелдеудің практикалық аспектілеріне, жайлы әрі қауіпсіз

білім беру ортасын құруға, сондай-ақ педагогтер, ата-аналар және мамандар

арасындағы тиімді өзара іс-қимылға аударылды.

Университеттің инклюзивті білім беру бөлімінің жетекшісі А.М.

Кусаинова инклюзивті мәдениетті қалыптастыру шарттары, білім беру

үдерісіндегі негізгі кедергілер және кейс-талдау арқылы психологиялық-

педагогикалық қолдау әдістері бойынша талқылау ұйымдастырды. Семинар

қатысушылары нақты педагогикалық жағдайларды қарастырып, тәжірибе

алмасты және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін шешу жолдарын

ұсынды.

Іс-шара барысында қатысушылар заманауи сын-қатерлерді белсенді

талқылап, практикалық тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ Астана

халықаралық университеті мамандарының кәсіби ұсынымдарын алды.

Семинар қорытындысы бойынша Астана халықаралық университетінің

Үздік тәжірибе орталығының директоры А.И. Чокушева Астана қаласының

Оқу-әдістемелік орталығы мен К. Мынбаев атындағы №59 мектеп-лицейінің

басшылығына алғыс хаттар, сондай-ақ барлық қатысушыларға сертификаттар

табыстады.

Аталған іс-шара тәжірибе алмасуға, кәсіби диалогты дамытуға және

инклюзивті білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған

маңызды алаң болды.


550