2026 жылдың 30 наурызы мен 3 сәуірі аралығында Астана халықаралық университетінің
Жаратылыстану жоғары мектебінде «Рекреациялық география және туризм» білім беру
бағдарламасы аясында Өлкетану және туризм апталығы өтті. Бұл іс-шара студенттер мен
оқытушылар үшін туризм және география саласында білім, идея және тәжірибе алмасуға
арналған тамаша алаңға айналды.
1-күн: Шығармашылық бастау
Апталық жарқын ашылу салтанатымен басталды. Бірінші курс студенттері өздерінің
шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, «Ұлы дала скауттары» қоғамдық бірлестігінің
жетекшілігімен туризм бағытындағы тимбилдингке қатысты. Бұл шара студенттердің бір-
бірімен жақынырақ танысуына және алдағы іс-шараларға серпін алуына мүмкіндік берді.
Апталықтың ашылуын ұйымдастырғандар – ЖҒЖМ аға оқытушысы Жанабаева С.А. және
оқытушы Амантай А.А.
2-күн: Интеллектуалдық куиз
ЖҒЖМ оқытушылары Амантай А.А. және Батырбек Ә.Р. жетекшілігімен РГиТ-24 Б және
РГиТ-25 Б топтарының студенттері Қазақстанның өлкетануы мен географиясы бойынша
қызықты интеллектуалдық куизге қатысты. Бұл шара студенттердің білім деңгейінің
жоғары екенін және туған елдің тарихы мен географиясына деген қызығушылығын
көрсетті.
3-күн: Постерлер мен жобаларды қорғау
РГиТ-24 А тобының студенттері ЖҒЖМ аға оқытушысы, PhD Авезова А.А.
жетекшілігімен Дүниежүзілік су күніне арналған постерлерін қорғады. Бұл іс-шара
студенттердің өз жобаларын таныстыру және қорғау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Сонымен қатар, осы күні РГиТ-25 А тобының студенттері оқытушы Амантай А.А.
жетекшілігімен «Discover Qazaqstan: өңірлік туристік бренд» байқауы аясында өз
жобаларын қорғады.
4-күн: Ашық сабақ және дөңгелек үстел
ЖҒЖМ аға оқытушысы Жанабаева С.А. жоғары педагогикалық деңгейде ашық сабақ
өткізді, ал РГиТ-23 Б тобының студенттері Қазақстанның туристік дестинациялары
бойынша өз жобаларын ұсынды. Аға оқытушы, б.ғ.к. Ауезова Н.С. және оқытушы
Амантай А.А. «Қазақстандағы тұрақты туризм: рекреациялық жүктеме мәселелері»
тақырыбында дөңгелек үстел форматында сабақ өткізіп, студенттердің осы саладағы
білімдерін тереңдетуге мүмкіндік жасады.
Өлкетану және туризм апталығы Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – сапалы
білім берудің нақты көрінісі болды. Студенттер туризм мен география саласында өз
білімдері мен дағдыларын дамытып қана қоймай, оларды тәжірибеде қолдану
мүмкіндігіне ие болды.
Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға Өлкетану және туризм апталығын
өткізуге қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!





