12 сәуір – Ғылым күні қарсаңында Astana International University
Педагогикалық институтында «6B01505 – Физика» білім беру
бағдарламасының 1–2 курс студенттері арасында «Қазақстаннан шыққан ұлы
физик ғалымдар және олардың әлем ғылымына қосқан үлесі» тақырыбында
мазмұнды семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің ғылымға деген қызығушылығын
арттыру, отандық ғалымдардың ғылыми мұрасын насихаттау және олардың
әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлесін кеңінен таныстыру.
Семинар барысында қатысушылар қазақтан шыққан көрнекті физик
ғалымдардың еңбектеріне шолу жасап, олардың ғылыми жетістіктері мен
зерттеу бағыттарын талқылады. Сонымен қатар, қазіргі ғылымның даму
тенденциялары, жас зерттеушілердің ғылымдағы рөлі және ғылыми ізденістің
маңыздылығы жөнінде пікір алмасу өтті.
Іс-шара студенттердің ғылыми ойлау қабілетін дамытуға, зерттеушілік
дағдыларын жетілдіруге және ғылымға деген қызығушылығын арттыруға оң
ықпал етті.
Жетекші: PhD, Зәкиева Ж.Е.





