AP26100031 жобасы аясында «Халықаралық медиация хабы: шиеленісті бейбіт
жолмен шешу және ядролық қарусыздану құралы ретінде: Қазақстан мен шет
елдердің тәжірибесі» тақырыбындағы ғылыми жобаны іске асыру бойынша кезекті іс-
шара ұйымдастырылды.
Жоба аясындағы кездесуді ғылыми қызметкер (PhD) Молдабеков Еркебулан
Байғалиевич өткізді.
Іс-шара күнтізбелік жоспарға сәйкес Астана қаласында, «Астана» халықаралық
университетінің Құқық жоғары мектебінде ұйымдастырылды. Кездесуге Құқық
жоғары мектебінің «Құқық және мемлекеттік басқару – 23 А» және «Халықаралық
құқық – 23 А» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері, сондай-ақ
профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттерге халықаралық медиацияның маңызын
түсіндіру, Қазақстанның халықаралық шиеленістерді бейбіт жолмен шешудегі рөлін
көрсету, ядролық қарусыздану саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені
талқылау арқылы олардың білім көкжиегін кеңейту және ғылыми қызығушылығын
арттыру .
Кездесу барысында 2026 жылға арналған зерттеу жоспары қарастырылып, жоба
күнтізбелік жоспарына сәйкес көзделген міндеттердің орындалуы қамтамасыз етілді.
Жобаның негізгі міндеттері:
халықаралық медиация ұғымы мен оның негізгі қағидаларын түсіндіру;
Қазақстанның халықаралық медиация хабы ретіндегі мүмкіндіктерін
көрсету;
ядролық қарусыздану мәселесіндегі Қазақстан тәжірибесін таныстыру;
шет мемлекеттердің медиация және қарусыздану саласындағы тәжірибесін
салыстыра талдау;
студенттердің пікірталасқа қатысуына және ғылыми қызығушылығына
ықпал ету.
Кездесу барысында қатысушылар халықаралық дауларды шешудегі
медиацияның тиімділігі, Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілік
мәселелеріндегі орны, сондай-ақ ядролық қарусыздану саласындағы ұлттық
бастамалардың маңызы жөнінде өзара пікір алмасты.
Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру аясында зерттеліп отырған тақырып
бойынша студенттердің пікірлерін жинау мақсатында сұхбаттар ұйымдастырылды.
Сұхбат нәтижелері студенттердің халықаралық құқық, медиация және ядролық
қарусыздану мәселелеріне қызығушылығы жоғары екенін көрсетті.
Аталған зерттеу Қазақстанның халықаралық құқық және ядролық қарусыздану
саласындағы ғылыми ізденістеріне жаңа серпін беруге мүмкіндік туғызады. Жоба
аясында алынған нәтижелер халықаралық құқық пен ядролық қарусыздану
бағытындағы ғылыми зерттеулердің дамуына елеулі үлес қосады деп күтілуде.




