2026 жылғы 20 наурызда, Наурыз мерекесін қарсы алу және Қытай
Жаңа жылы (春节) мерекесін жалғастыру аясында, «Шекарасыз көктем» атты
қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны Beijing Language and Culture
University (BLCU Kazakhstan) студенттері Astana International University
студенттерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Жәрмеңке мәдени алмасу мен қайырымдылықты біріктірген маңызды
алаңға айналып, әртүрлі оқу орындарының студенттерін бір арнаға
тоғыстырды. Іс-шараға Nazarbayev University студенттері, сондай-ақ Астана
қаласындағы №26 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.
Жәрмеңке барысында қазақ және қытай мәдениетін дәріптейтін
тақырыптық көрме үстелдері ұсынылып, қонақтарға арналған интерактивті
ойындар мен белсенді бағдарламалар ұйымдастырылды. Барлық
қатысушылар қайырымдылық бастамаға өз үлестерін қосты.
Іс-шара қорытындысы бойынша екі номинация жеңімпаздары
анықталды: «Ең жомарт қайырымдылық үстелі» және «Ең әдемі
безендірілген көрме үстелі».
Марапаттау рәсімін Beijing Language and Culture University
университетінің Қазақстандағы филиалының директоры Бауржан Тлеуметов
(Қазақстан тарапынан) және қытай тарапынан директор Liu Xiangqiang
жүргізіп, жеңімпаздарды дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады.
Қазақстан тарапынан филиал директоры Бауржан Тлеуметов бұл
жәрмеңкенің Қазақстандағы қытай университетінде алғаш рет
ұйымдастырылған ауқымды іс-шара екенін атап өтті.
«Ең жомарт қайырымдылық үстелі» номинациясы бойынша
жеңімпаздар:
BLCU/AIU студенттері — Балгереева Амира, Кобдикова Аружан,
Кульжанова Шадия.
«Ең әдемі безендірілген көрме үстелі» номинациясы бойынша:
Астана қаласындағы №26 мектеп-гимназиясының оқушылары және
BLCU студенттері — Чжан Лина мен Чжан Елизавета.
Аталған жәрмеңке Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-
қатынасты нығайтып, жастарды қайырымдылық, мәдениет және өзара
түсіністік құндылықтары төңірегінде біріктірді.


