Ел игілігі жолындағы еңбек: AIU Президенті Серік Ирсалиев Мемлекет басшысының алғысына ие болды

2026 ж. 1 сәу., ср, 12:54

Заманауи әрі демократиялық мемлекет құру — әрбір азаматтан белсенділік пен өз ісіне деген адалдықты талап ететін үлкен жұмыс.  Республикалық референдум қоғам азаматтарын жаңа өзгерістер жолында біріктірген маңызды қадам болғаны рас.

Осы тарихи шараға белсене атсалысқан азаматтардың қатарында AIU Президенті Серік Азтайұлы Ирсалиев те бар.

Серік Азтайұлы референдумды өткізу барысында жоғары жауапкершілігі мен қоғамдық жұмысқа қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Мемлекет басшысы өз хатында сарапшылардың кәсібилігінің арқасында бұл тарихи бастама өте жоғары деңгейде өткенін және ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

AIU университетінің ұжымы Серік Азтайұлын аталмыш марапатымен құттықтайды! Алдағы жұмысыңызға табыс, сарқылмас қуат және Жаңа Қазақстанды дамыту жолындағы бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!


152