Дипломатиялық кездесу: AIU-де Австрия Елшісі Андреа Бахердің ашық дәрісі өтті

2026 ж. 31 нау., сс, 13:10

2026 жылдың 31 наурызында Астана Халықаралық университетінде (AIU) маңызды халықаралық диалог өтті.

Университетке Австрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андреа Бахер ханым қонақ болы қайтты. Мәртебелі қонағымыздың бұл сапары жоғары оқу орнының жаһандық серіктестікті дамыту және студенттерге әлемдік деңгейдегі дипломаттардан дәріс алуға мүмкіндік болды.

«Австрияның сыртқы саясаты және қауіпсіздік саясаты» атты тақырыппен өткен дәрісте Елші ханым Австрияның бейтараптық мәртебесі, оның Еуропалық Одақтағы рөлі және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, Андреа Бахер Австрия мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың құнды тәжірибесімен бөлісіп, халықаралық мәселелерді шешудегі ортақ көзқарастар мен әртүрлі салалардағы үздік нәтижелерді атап өтті.

Әрі қарай кездесу «еркін микрофон» форматында жалғасып, AIU студенттері Австрия дипломатиялық корпусының өкіліне тікелей сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Біздің болашақ мамандарды дипломатиялық қызметтің қыр-сыры, сондай-ақ Қазақстан мен Австрия арасындағы білім беру және мәдени салалардағы ынтымақтастық болашағы туралы сұрақтар қызықтыратыны соншалық дискуссияның қызықты өтуіне арқау болған. Осындай ізденімпаздығымен студенттеріміз елшіні таңғалдырғаны сөзсіз.

Сапар бағдарламасы аясында Елші ханымның AIU басшылығымен ресми кездесуі өтті. Тараптар халықаралық іс-қимылдың өзекті мәселелерін және достық байланыстарды нығайту жолдарын талқылады. Құрмет пен ризашылық белгісі ретінде университет атынан Андреа Бахер ханымға естелік сыйлық табыс етілді.


151