Серіктестер және тәжірибе базалары

ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ БОЙЫНША

ПРАКТИКАДАН ӨТУ

 

Кәсіптік практика 6В04102 - Қаржы, 6B04111 – Маркетинг, 6B04117 – Экономика, 6B04114 – Менеджмент, 6В04122 - Халықаралық бизнес, 7M04117 – Экономика, 6B11101 - Туризм, 7М04106 – Менеджмент, 7М04103 - Білім берудегі менеджмент, 7M04109 - Стратегиялық басқару және көшбасшылық (ЕМВА), 8D04103 - Білім берудегі менеджмент, 8D04104 – Менеджмент, 8D04107 – Экономика білім беру бағдарламалары (ББ) бойынша оқу процесінің бөлігі болып табылады және оқу барысында алынған теориялық білімді бекітуге, кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға, практикалық дағдыларды, зерттеушілік және талдау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ экономиканың нақты секторы, білім беру ұйымдары, бизнес және басқару жағдайларында кәсіби қызмет тәжірибесін жинақтауға бағытталған білім алушылардың кәсіби-практикалық даярлығының маңызды кезеңі болып табылады.

Білім алушылардың кәсіби практикасынан өтуі Астана халықаралық университетінің кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу ережелеріне (ПР-МУА 009-23) сәйкес жүзеге асырылады. Кәсіби практика білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады және кәсіби құзыреттерді қалыптастыру мен дамытуға, теориялық білімді бекітуге және білім алушылардың практикалық тәжірибе жинақтауына бағытталған.

 

ПРАКТИКА ТҮРЛЕРІ

 

БАКАЛАВРИАТ

 

·                    Оқу практикасы бакалавриаттың барлық ББ білім алушылары үшін 1-оқу курсында өткізіледі. Практика Жоғары мектеп және Университеттің оқу-қосымша бөлімшелері базасында, болашақ кәсіби қызмет объектілері болып табылатын ұйымдарға мастер-кластармен және танысу экскурсияларымен ұйымдастырылады. Білім алушылардың оқу практикасының мақсаты - оқу процесінде алынған теориялық білімді бекітуді және тереңдетуді, зерттеу қызметінің алғашқы дағдыларын алуды, іс қағаздарын жүргізу біліктілігін, ББ-ға сәйкес жұмыстың практикалық іскерліктері мен дағдыларын иеленуді қамтитын бастапқы кәсіби құзыреттерді алу болып табылады.

·                    Өндірістік практика бакалавриаттың барлық ББ білім алушылары үшін 2 және 3-оқу курстарында өткізіледі. Өндірістік практика практика базаларында — қызметі білім беру бағдарламасының профиліне сәйкес келетін кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда өткізіледі. Өндірістік практиканың мақсаты - оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту, білім беру бағдарламасына сәйкес практикалық дағдыларды, кәсіби құзыреттерді және кәсіби қызмет тәжірибесін алу болып табылады.

·                    Диплом алдындағы практика жеке оқу жоспарына сәйкес келетін барлық ББ білім алушылары үшін бітіруші курста өткізіледі. Диплом алдындағы практиканың негізгі міндеттері диплом жұмысының (жобасының) тақырыбы бойынша практикалық материалдарды жинау, өңдеу және жинақтау, статистикалық мәліметтер мен практикалық материалдарды талдау, қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау, диплом жұмысын (жобасын) белгіленген талаптарға сәйкес ресімдеу және бітірушінің қорытынды аттестаттауына дайындалу болып табылады.

 

МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРА

 

·                    Магистранттар мен докторанттардың педагогикалық практикасы жоғары оқу орны оқытушысының болашақ кәсіби қызметіның нақты жағдайларына барынша жақындатылған жағдайларда өткізіледі. Педагогикалық практика оқыту және үйрету әдістемесінің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Практика оқыту және үйрету әдістемесінің практикалық дағдыларын қалыптастыруға, кәсіби маңызды педагогикалық құзыреттерді дамытуға, сондай-ақ оқу-әдістемелік және оқытушылық қызмет тәжірибесін алуға бағытталған.

·                    Магистранттардың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен, эксперименттік деректерді өңдеу және интерпретациялаумен танысу, магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша практикалық дағдыларды, құзыреттерді және кәсіби қызмет тәжірибесін алу, сондай-ақ алдыңғы қатарлы тәжірибені меңгеру мақсатында өткізіледі.

·                    Докторанттардың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін зерделеу, сондай-ақ теориялық білім мен практикалық дағдыларды бекіту, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану, диссертациялық зерттеуде эксперименттік деректерді өңдеу, интерпретациялау және кәсіби деңгейді арттыру мақсатында өткізіледі.

Магистранттармен мен докторанттардың зерттеу практикасы ғылыми-зерттеу ұйымдарында, өндірістік кәсіпорындардың ғылыми-зерттеу бөлімшелерінде, ғылыми-білім беру және инновациялық орталықтар базасында, сондай-ақ білім беру бағдарламасының профиліне және зерттеу тақырыбына сәйкес келетін кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер базасында өткізіледі, теориялық білімді бекітуге, практикалық дағдыларды, кәсіби құзыреттерді алуға, кәсіби деңгейді арттыруға және алдыңғы қатарлы тәжірибені меңгеруге бағытталған.

 

КЕЛІСІМ-ШАРТТАР: 


AIU ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ КӘСІБИ БАҒДАРЫН ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫ

Астана халықаралық университетінің Экономика жоғары мектебі (ЭЖМ) өз түлектерінің мансабын қолдаудың кешенді жүйесін қалыптастырды. Бакалавриаттың: 6В04117 «Экономика», 6В04102 «Қаржы», 6В04111 «Маркетинг», 6В04114 «Менеджмент», 6В04122 «Халықаралық бизнес», 6В11101 «Туризм»; магистратураның: 7M04109 «Стратегиялық басқару және көшбасшылық (ЕМВА)», 7M04117 «Экономика», 7М04106 «Менеджмент», 7М04103 «Білім берудегі менеджмент»; докторантураның: 8D04107 «Экономика», 8D04104 «Менеджмент» және 8D04103 «Білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламаларында білім алушылар үшін жұмысқа орналасу процесінің маңызы зор. Мектеп еңбек нарығындағы трендтерді үздіксіз талдап, жұмыс берушілермен серіктестік желісін кеңейтеді және жас мамандардың кәсіби жетістіктерін жіті қадағалап отырады.

Түлектердің мансаптық дамуын бағалаудың негізгі тетіктері ретінде тұрақты сауалнамалар жүргізу, кәсіби әлеуметтік желілер (соның ішінде Linkedin) арқылы байланыс орнату, email-таратылымдар және жеке кездесулер қолданылады. Түлектермен байланысты үзбеу мақсатында ЭЖМ жыл сайын дөңгелек үстелдер мен түлектер кездесуін ұйымдастырады.

Еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Жоғары экономика мектебінің басшылығы эдвайзерлермен бірлесіп, жылдық жұмыс жоспарына кәсіби бағдар беру шараларын енгізеді. Бітіруші курстарда білім алушылар заманауи бизнес нақтылықтарын, корпоративтік сектордың талаптарын меңгеріп, өзін-өзі таныстырудың (самопрезентация) практикалық дағдыларын игереді. Сонымен қатар, ЭЖМ базасында топ-менеджерлердің қонақ дәрістері, шеберлік сыныптары мен бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп тұрады.

Соңғы бес оқу жылының (2020 жылдан 2025 жылға дейін) деректерін талдау ЭЖМ-де даярланған кадрларға деген сұраныстың жоғары екенін дәлелдейді. Жұмысқа орналасу көрсеткіші тұрақты түрде жоғары деңгейде сақталып келеді. Біздің түлектеріміз Қазақстан бойынша және шетелдерде келесі секторларда табысты мансап құруда:

-                   Қаржы және аудит: екінші деңгейдегі банктер, консалтингтік және аудиторлық компаниялар, инвестициялық қорлар;

-                   Мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор: бейінді министрліктер, әкімдіктер, ұлттық холдингтер, елшіліктер мен консулдықтар;

-                   Маркетинг және ритейл: FMCG секторындағы компаниялар, логистикалық корпорациялар, digital және жарнама агенттіктері, электрондық коммерция саласы;

-                   Корпоративтік менеджмент: ірі өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындардың стратегиялық жоспарлау, сату және бизнес-аналитика бөлімдері;

-                   Кәсіпкерлік: тәуелсіз стартаптарды іске қосу және шағын және орта бизнес (ШОБ) сегментіндегі жобаларды дамыту.

Әрбір шығарылым бойынша маманның жұмыс орны, лауазымы және байланыс мәліметтері көрсетілген деректер базасы қалыптастырылады.

Түлектердің мансаптық жетістіктерін терең талдау AIU Экономика жоғары мектебіне оқу бағдарламаларын экономиканың нақты секторының сұраныстарына сай жедел бейімдеуге және болашақ бизнес-көшбасшыларды даярлаудың жоғары сапасына кепілдік беруге мүмкіндік береді.

 

 

2020-2021

Білім беру бағдарламасы

Түлектер саны (келісімшарт + грант)

Жұмысқа орналасқаны (келісімшарт + грант)

Жұмысқа орналасқандар үлесі (%) (келісімшарт + грант)

7М04101 Өнеркәсіп экономикасы

2

2

100%

Қорытынды

2

2

100%

 

 

2021-2022

Білім беру бағдарламасы

Түлектер саны (келісімшарт + грант)

Жұмысқа орналасқаны (келісімшарт + грант)

Жұмысқа орналасқандар үлесі (%) (келісімшарт + грант)

6В04106 Қаржы

1

1

100%

7М04109 Стратегиялық басқару және көшбасшылық

3

3

100%

7М04111 Менеджмент

1

1

100%

7М04101 Өнеркәсіп экономикасы

1

1

100%

7М04104 Әлеуметтік кәсіпкерлік

4

3

75%

Қорытынды

10

9

90%

 

 

2022-2023

Білім беру бағдарламасы

Түлектер саны (келісімшарт + грант)

Жұмысқа орналасқаны (келісімшарт + грант)

Жұмысқа орналасқандар үлесі (%) (келісімшарт + грант)

6В04101 Өнеркәсіпті басқару және экономикасы

5

4

80%

6В04104 Қаржы

2

1

50%

6В04119 Экономика

2

2

100%

7М04109 Стратегиялық басқару және көшбасшылық

10

10

100%

8D04101 Өнеркәсіп экономикасы

1

1

100%

8D04103 Білім берудегі менеджмент

7

7

100%

Қорытынды

27

25

93%

 

 

 

 

2023-2024

Білім беру бағдарламасы

Түлектер саны (келісімшарт + грант)

Жұмысқа орналасқаны (келісімшарт + грант)

Жұмысқа орналасқандар үлесі (%) (келісімшарт + грант)

6В04101 Өнеркәсіпті басқару және экономикасы

1

1

100%

6В04102 Қаржы

4

3

75%

6В04108 Бизнес әкімшілендіру

2

2

100%

6В04111 Маркетинг

5

4

80%

6В04115 Менеджмент

7

7

100%

7М04109 Стратегиялық басқару және көшбасшылық

9

9

100%

8D04101 Өнеркәсіп экономикасы

2

2

100%

Қорытынды

30

28

94%

 

 

2024-2025

Білім беру бағдарламасы

Түлектер саны (келісімшарт + грант)

Жұмысқа орналасқаны (келісімшарт + грант)

Жұмысқа орналасқандар үлесі (%) (келісімшарт + грант)

6В04102 Қаржы

14

7

50%

6В04107 Халықаралық сауда және экономика

1

1

100%

6В04111 Маркетинг

15

9

60%

6В04114 Менеджмент

24

12

50%

6В04117 Экономика

21

11

54%

7М04111 Менеджмент

2

2

100%

7М04101 Өнеркәсіп экономикасы

1

1

100%

8D04104 Менеджмент

1

1

100%

Қорытынды

79

44

56%