«Инклюзия – болашаққа бірге қадам: ЕЕБҚ студенттермен тиімді жұмыс жасау жолдары» тақырыбында студенттерге арналған шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

2026 ж. 30 сәу., бс, 04:44

Іс-шара Педагогикалық институт директоры Ахмадиева Ж.К., Озық тәжірибелер

орталығының директоры Чокушева А.И. және Инклюзивті білім беру бөлімінің

басшысы Кусаинова А.М. қолдауымен өтті. Сонымен қатар, ұйымдастыру

жұмыстарына «Үміт шырағы» волонтерлік клубы белсенді атсалысты.

 Шеберлік сағатына арнайы қонақ ретінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

Инклюзивті қолдау орталығының маманы Абакова Қ.А. мен «Көмек» клубының

төрағасы Ержанов Р.О. қатысып, ерекше білім беруді қажет ететін студенттермен

жұмыс жасаудың заманауи тәсілдерімен бөлісті.

 Тифлопедагог Әділ Ерланұлы Be My Eyes қосымшасының мүмкіндіктерін

тәжірибе жүзінде таныстырып, оның қолжетімділік тұрғысындағы маңызын

көрсетті.

 Қатысушылар белсенді кері байланыс беріп, ұсынылған әдіс-тәсілдерді

болашақ кәсіби тәжірибесінде қолдануға дайын екендіктерін атап өтті.

#Инклюзия #Білім #Студенттер #ЕЕБҚ #Волонтерлік #BeMyEyes