Astana International University қабырғасында республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінім берген студенттермен іріктеу сұхбаты өтті.
Биылғы оқу жылында біздің университетке шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында білім алу үшін 9 орын бөлінген еді. Іріктеу кезеңі сұхбат түрінде өтіп, комиссия мүшелері үміткерлердің академиялық үлгерімін, ынтасын және тілдік дайындық деңгейін жан-жақты бағалады. Конкурстық комиссия құрамында университет Ректоры (төрайым), проректорлар, жоғары мектеп декандары, халықаралық ынтымақтастық департаментінің өкілдері мен сыртқы сарапшылар болды.
Комиссия шешімімен 2026–2027 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде білім алатын жеңімпаздар тізімі мынадай:
Осатай Сымбат Нұржанқызы – Педагогикалық институт, Математика
Байназарова Малика Рүстембековна – Педагогикалық институт, Ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімі
Нұртаева Нұрғаным Нұрлыбековна – Педагогикалық институт, Педагогика және психология
Серікбаева Әйгерім Нұрланқызы – Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, Аударма ісі
Құдайберген Алина Маратқызы – Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, Fashion-design
Буртебаев Арлан Еділбекұлы – Экономика жоғары мектебі, Менеджмент
Рысдәулет Данайым Нұрбекқызы – Экономика жоғары мектебі, Халықаралық бизнес
Атапкел Амина Асылбекқызы – Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі, Рекреациялық география және туризм
Бақберген Аруна Дарханқызы – Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі, Bioinformatics
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы сапарларына сәттілік тілейміз!











