Ұстаздың әдебі мен беделі

2025 ж. 31 нау., дс, 05:30

2025 жылы 28 наурыз күні физика ББ қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Л. Ғ. Касенованың жетекшілігімен «Педагогикалық әдеп – ұстаз шеберлігінің негізі» атты семинар өтті.

Семинар мақсаты – ұстаздың әдебі мен беделі тақырыбының теориялық және практикалық аспектілерін талқылау, қатысушылар арасында пікір алмасу.

Семинарға қатысқан ғалым-педагогтар, білім алушылар мен құрметті қонақтар соңғы уақыттарда қоғамда жиі көтерілетін күрделі сұрақтардың біріне бірігіп жауап іздеп көрді.

Спикерлер арасында педагогикалық этика бойынша оқу құралдарының авторы, белгілі ғалым-педагог Э.А. Урунбасарова (Esil University), техникалық физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры,  PhD Г. М. Аралбаева (Л.Гумилев ат. ЕҰУ),  Астана қ. «№ 5 мектеп-гимназия» мекемесінен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Т.М.Бахриденова, «Физика» БББ магистранттары мен студенттері: Ахмедина Азия (Тұран-Астана колледжінің ұстазы), Берікбай Ақерке («Талан» білім орталығының ұстазы), Бейбітұлы Рамазан («Mugalim Ardaim» жобасының IDP менторы) және аталмыш іс-шараны ұйымдастырушы «Физика» БББ қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Л. Ғ. Касенова.

Талқыға салынған баяндамалар өзекті мәселелердің түп себептерін анықтап, оларды шешуге бағытталды. 


3270