AIU Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің
оқытушылары Имангалиева Г.А. мен Қыдырбекова Э.С. кәсіби тәжірибесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық
орталығының Қолжазбалар және сирек кітаптар қорында реставратор мамандарына
арналған құжаттарды реставрациялау бойынша біліктілікті арттыру курсына
қатысты.
Бес күнге жоспарланған оқу бағдарламасы құжаттарды сақтау
және қалпына келтірудің заманауи тәсілдерін, дәстүрлі реставрация әдістерін меңгеруге бағытталды. Курс
аясында «Реставрацияда қолданылатын құралдар мен материалдар», «Құжаттарды
тұрақтандыру», «Дәстүрлі реставрация», «Тігіс тәсілдері мен түптеу негіздері»
тақырыбында дәрістер өтті.
Оқу барысында қатысушылар құжаттарды қалпына келтіру, оларды
сақтау мерзімін ұзарту және реставрация жұмыстарында қолданылатын материалдар
мен технологиялардың ерекшеліктері туралы білімдерін толықтырды. Сонымен қатар қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Оқытушылардың кәсіби біліктілігін дамыту білім берудің
сапасын жетілдіреді және
оларға тарихи-мәдени мұраны сақтау
бағытындағы тәжірибелерін студенттерге үйретуге мүмкіндік береді.






