30 қыркүйекте Астана халықаралық
университетінде бірінші курсқа қабылданған шетелдік студенттермен ақпараттық
кездесу өтті. Жиын барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасының
көші-қон заңнамасындағы басты талаптар түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі
мақсаты – шетел
азаматтарының Қазақстан аумағына кіруі мен елде болу тәртібі, көші-қон есебіне
тұру, қажетті құжаттарды рәсімдеу және олардың мерзімін уақытылы ұзарту
жөнінде толық ақпарат беру.
AIU-дың
Халықаралық ынтымақтастық департаменті өкілдері студенттерге
құжаттардың жарамдылық мерзімін үнемі бақылауда ұстаудың
маңызын түсіндірді. Сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы немесе көші-қон мәртебесі өзгерген
жағдайда университеттің жауапты бөліміне дер кезінде хабарлау ескертілді.
Ақпараттық кездесу сұрақ-жауап
форматында жалғасты. Білім алушылар Халықаралық ынтымақтастық
департаментіне жүгіну тәртібі бойынша сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап
алды.
Бұл жиын бірінші курс студенттеріне көші-қон талаптарын тереңірек түсінуге және әрбір құжатқа
жауапкершілікпен қарауға жол нұсқады. Университет өкілдері алдағы уақытта да
шетелдік білім алушыларға пайдалы кеңес беруді жалғастыра бермек.





