AIU-да ақпараттық қауіпсіздік пен құқықтық жауапкершілік мәселелері талқыланды

2026 ж. 30 қыр., ср, 07:30

Бүгін Астана халықаралық университетінде«Ақпараттық қауіпсіздік және жауапкершілік» тақырыбында құқықтық сағат өтті. Танымдықкездесудің спикері - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының бас маманыСұлтан Панов.

Іс-шара барысында дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау тәртібі, ақпаратты заңсызтаратқаны үшін жауапкершілік, сондай-ақинтернет-алаяқтықтан сақтану жолдарыталқыланды. Бұдан бөлек, жасанды интеллектініпайдалану кезінде туындайтын құқықтықмәселелер мен цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікталаптары сөз болды.

Кездесудің негізгі мақсаты - қатысушыларғажеке мәліметтерін қорғау, күмәнді интернет-ресурстар мен алаяқтық әрекеттерді анықтау, әлеуметтік желілерде заң талаптарын сақтаужөнінде ақпарат беру.

Іс-шараның соңында білім алушылар маманғаөздерін қызықтырған мәселелері бойыншасұрақтарын қойды. Бастысы жастарға ақпараттық қауіпсіздіктің және цифрлық кеңістікке жауапкершілікпен қараудың маңызы түсіндірілді.


1175