«Қазақстан және жаңа еуразиялық ландшафт» саяси диалогына шақырамыз

2026 ж. 19 там., ср, 07:00

CFive зияткерлік платформасы АҚШ-тың Hudson Institute сараптамалық орталығымен бірлесіп, Қазақстанның қазіргі геосаяси процестердегі рөлін айқындайтын саяси диалог өткізеді.

📅 Күні: 2026 жылғы 21 тамыз

🕒 Уақыты: 15:00

📍 Өтетін орны: CFive офисі, Астана қ., Қазақстан

Спикерлер:

  • Кен Мориясу — Хадсон институтының аға ғылыми қызметкері
  • Муиз Вахабдин — Женева дипломатия мектебінің сарапшысы
  • Жәнібек Арынов — саясаттанушы, Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің Ассистент профессоры
  • Абзал Нарымбетов — мұнай-газ саласының сарапшысы

Модератор:

  • Искандер Акылбаев — CFive төрағасы

Іс-шараға дипломаттар мен елшілер, Қазақстанның ұлттық компанияларының өкілдері, халықаралық сарапшылар мен саясаткерлер, ғалымдар және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысады.

Кездесу барысында сарапшылар, дипломаттар мен академиктер елдің стратегикалық автономиясын нығайту, сондай-ақ АҚШ және Еуропамен әріптестікті дамыту мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар Қазақстанның еуразиялық кеңістіктегі орны мен ықпалын арттыру бастамалары сөз болады.

 


4642