Астана
Халықаралық университеті 2026 жылғы республикалық мемлекеттік білім беру
гранттары конкурсының қорытындысы бойынша еліміздің ең үздік тоғыз жоғары оқу
орнының қатарына енді.
Биыл
мемлекеттік білім беру гранттарына деген бәсеке анағұрлым арта түсті:
- Грант саны азайды: Қазақстанда
бакалавриат бойынша орындардың жалпы саны 1713-ке қысқарды. Яғни, биыл 75 371
мемекеттік білім беру гранттары бөлінді. Бұл көрсеткіш өткен жылы 77 084
орынды құраған еді.
- Бәсеке жоғарылады: ҰБТ тапсырған
түлектер саны 23 мыңға көбейіп, 210 мыңнан 233 мың адамға дейін өсті. Бұл
бір орынға шаққандағы орташа бәсекелестік көрсеткішін 2,7-ден 3,1 адамға
дейін арттырды.
- AIU талаптары
күшейді:
Университет білім беру бағдарламаларының 12 тобы бойынша ҰБТ-ның өту балын
5–30 баллға арттырды.
Биылғы
талаптардың жоғарылауына қарамастан, 2119 грант иегері Астана Халықаралық
университетін таңдап, өткен жылғы көрсеткіштен (2017 грант иегері) асып түсті.
Нәтижесінде
Қазақстанның 116 жоғары оқу орнының арасында Астана Халықаралық университеті 9-шы
орынды иеленді. Университетіміздің еліміздегі көшбасшы жоғары оқу орындарының
қатарынан көрінуі – университет ұжымының
қажырлы еңбегінің нәтижесі және талапкерлер мен олардың ата-аналарының бізге
деген сенімінің айқын дәлелі.




