AIU Қаржы директоры Франциядағы IRONMAN жарысын бағындырды

2026 ж. 22 мау., дс, 08:20

Университетіміздің Қаржы директоры Сұлтанов Алмас Тынышбайұлы әлем бойынша триатлоннан ең беделді әрі күрделі жарыстардың бірі — IRONMAN Tours Métropole жеңімпазы атанды. Бұл додаға әлемнің 60-тан астам елінен 3 000-ға жуық қатысушы жиналған. Кәсіби спортсүйер қауым мен әуесқой желаяқтардың басын біріктірген ауқымиды сайыс болғаны сөзсіз. 

  • 3,8 шақырым жүзу; 

  • 180 шақырым веложарыс;

  • 42,2 шақырым марафондық жүгіру,

жалпы ұзындығы 226 шақырымға созылған классикалық Ironman кезеңдерінен қатысушылар еш үзіліссіз сүрінбей өтті. Әсіресе, біздің қызметкеріміз Алмас Тынышбайұлы күш-жігерін тиімді пайдаланып, сауатты стратегия құру арқылы мәре сызығын 12 сағат ішінде қиды. 

Толық Ironman қашықтығын бағындыра білу — жоғары деңгейдегі  физикалық дайындықтың, темірдей тәртіптің және экстремалды жағдайда ағза ресурстарын тиімді басқара білгеннің айқын дәлелі. AIU өкілінің мұндай ауқымды спорттық шараға қатысуы университеттің салауатты өмір салтын ұстанатынын көрсетеді.


4922