ReStart: Тұрақты болашаққа бірге қадам басайық!

2026 ж. 10 мау., ср, 10:27

ReStart: тұрақты болашаққа бірге!

ReStart – бұл жастарға он жылдан астам уақыт бойы қалдықтарды бөлек жинау

және пластикті дұрыс сұрыптау қағидаларын меңгеруге көмектесіп келе жатқан «3.2.1.

Старт!» жобасының жаңартылған нұсқасы.


2025 жылы жоба жаңа атауға ие болып, өз миссиясын кеңейтті және еліміздің

көптеген жоғары оқу орындарын қамтыды. Бүгінде ReStart студенттер арасында

экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды

дамытуға және күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді енгізуге бағытталған.

Жобаны іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім

министрлігі, CCI Kazakhstan және «Жасыл экономика» және G-Global дамыту

коалициясы арасында Іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Сонымен қатар, Астана

халықаралық университеті экологиялық бастамаларды жүзеге асыру және жастар

арасында тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету мақсатында ынтымақтастық туралы

меморандумға қол қойды. Бұл келісімдер мемлекет, бизнес, білім беру ұйымдары және

азаматтық қоғам арасындағы серіктестікті нығайтуға ықпал етті.

Астана халықаралық университетінің Жаратылыстану ғылымдарының

жоғары мектебі ReStart бастамасын белсенді түрде қолдап, экологиялық

жауапкершіліктің нақты нәтижелерін көрсетуде.

2025–2026 оқу жылы ішінде университет студенттері 2045,83 кг пластик

жинап, қайта өңдеуге тапсырды. Бұл қалдықтардың көлемін азайтуға қосылған

елеулі үлес қана емес, сонымен қатар жастардың ресурстарды ұтымды пайдалану және

қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне саналы көзқарасының көрсеткіші.

Жобаға қатысу арқылы студенттер қалдықтарды сұрыптап қана қоймай, бір

реттік пластикті пайдалануға деген көзқарастарын өзгертіп, экологиялық баламаларды

таңдап, тұрақты әдеттерді қалыптастыруда.

Жобаның үйлестірушісі, Жаратылыстану ғылымдарының жоғары мектебінің

оқытушысы Қыдырова Айдана Саламатқызының ReStart жобасының

үйлестірушілері арасында II орын алуы маңызды жетістік болды.

Жобаны жүзеге асыру БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол

жеткізуге ықпал етеді:

ТДМ 4 «Сапалы білім» – студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыру;

ТДМ 12 «Жауапты тұтыну және өндіріс» – қалдықтарды бөлек жинауды енгізу

және пластикті қайта өңдеуді насихаттау;

ТДМ 13 «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» – қалдықтарды азайту және

ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы экологиялық ізді төмендету;

ТДМ 17 «Тұрақты даму мақсатындағы серіктестік» – жоғары оқу орындары,

мемлекеттік органдар, бизнес және қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты

нығайту.

Астана халықаралық университеті студенттерінің белсенді ұстанымының

арқасында 2045,83 кг пластикке екінші өмір сыйланды. Жиналған әрбір килограмм

– таза болашаққа, елдің тұрақты дамуына және келер ұрпақ үшін қоршаған ортаны

сақтауға қосылған үлес.


9721