МАРКЕТИНГ МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗ КӨЗҚАРАСТАРЫН ҰСЫНДЫ

2026 ж. 10 мау., ср, 10:19

2026 жылғы 25 мамыр мен 8 маусым аралығында6В04111 «Маркетинг» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері оқу тәжірибесі аясында серіктес ұйым – «Metapsychology» Халықаралық психология және даму орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған «Студенттердіңәлеуметтік мәселелерге көзқарасы және оларды шешужолдары» атты байқауға қатысты. Байқауға Астана халықаралық университетінің Тәрбие жұмысы жөніндегідепартаменті де белсенді қатысты.

Байқау жастардың заманауи қоғамдағы өзектімәселелер жөніндегі ашық пікір алмасу алаңына айналдыТоптарда жұмыс істеген студенттер жас ұрпақтытолғандыратын маңызды әлеуметтік тақырыптарға арналғанбейнероликтер дайындадыОлар психологиялық әл-ауқаттұлғааралық қарым-қатынастарәлеуметтік жауапкершілікцифрлық ортаның ықпалы және қоғам назарын қажет ететінбасқа да мәселелерді қамтыдыҚатысушылардың бастымақсаты тек проблемаларды көрсету ғана емессоныменқатар оларды шешудің нақты жолдарын ұсыну болдыӨзжобалары арқылы студенттер белсенді азаматтықұстанымдарыноң өзгерістерге ұмтылысын және әлеуметтікжауапты қоғамды дамытуға үлес қосуға дайын екендіктерінкөрсетті.

Байқауға барлығы 13 бейнеролик ұсынылдыБайқаукомиссиясының бағалау қорытындысы бойынша I, II жәнеIII орын иегерлері анықталдыҮздік жұмыстардыңавторлары серіктес ұйым – «Metapsychology» Халықаралықпсихология және даму орталығының ақшалай сыйлықтарымен сертификаттарына ие болды. Байқауға қатысустуденттердің командалық жұмысжобалық ойлау жәнемедиаконтент әзірлеу дағдыларын дамытуғасондай-ақәлеуметтік мәселелерді шешудегі өз рөлдерін тереңіректүсінуге мүмкіндік бердіОсындай бастамалар жастарарасында жауапкершілік мәдениетінбейжай қарамаудыжәне қоғамдық өмірге белсенді қатысуды қалыптастыруғаықпал етеді.

Экономика жоғары мектебі байқау жеңімпаздары мен барлық қатысушыларды табысты өнер көрсетулеріменқұттықтайдыЖастардың маңызды әлеуметтіктақырыптарды көтеруге және оларды шешу жолдарыніздеуге деген ұмтылысы қоғамдағы оң өзгерістердің жәнеолардың болашақ кәсіби жетістіктерінің берік негізінеайналатынына сенімдіміз.


2241