Университетімізде дәстүрлі түрде өтетін «AIU-2025: Қазақстан және халықаралық білім беру кеңістігі: болашақ үшін ынтымақтастық» атты жыл сайынғы ғылыми форум аясында «Сән, дизайн» («Сәулеттік дизайн» ББ) В031 білім беру бағдарламалары тобының студенттері мен магистранттары «АРТСФЕРА. КРЕАТИВ. ВИЗУАЛДЫ МӘДЕНИЕТ» секциясының жұмысына белсенді қатысты.
Ғылыми шараның шымылдығын педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қайыртай Жақыпұлы мен педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Оспанов Баймұрат Ермағанбетұлы құттықтау сөзімен ашты. Олар мұндай форматтағы ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды өткізудің маңыздылығына тоқталып, бұл шара білім алмасу, өзекті зерттеу мәселелерін талқылау және академиялық қоғамдастықты дамыту үшін таптырмас алаң екенін атап өтті. Сонымен қатар, студенттік ғылымның рөліне ерекше назар аударылып, білім алушыларды зерттеу қызметіне белсенді тарту қажеттілігі сөз болды. Бұл үдеріс олардың кәсіби құзыреттіліктері мен ғылыми ойлау қабілетін қалыптастыруға тікелей ықпал етеді.
Секция жұмысы барысында өнер, дизайн, визуалды мәдениет және креативті индустрияның өзекті мәселелері бойынша қызу ғылыми пікірталас өрбіді. Студенттер, оқытушылар мен ғылыми жетекшілер ұсынылған зерттеу жұмыстарына жоғары қызығушылық танытып, баяндамашыларға сұрақтар қойды, пікір алмасты және арт-индустрияның заманауи даму үрдістері мен дизайнның мәдени және ғылыми кеңістіктегі рөлін талқылады.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша келесі баяндамалар үздік деп танылды:
I дәрежелі Диплом:
Адамбаева А. С. – «7М02101 – Дизайн» ББ магистранты
II дәрежелі Диплом:
Мұрзатова А. С. – «7М02101 – Дизайн» ББ 1-курс магистранты
Әкімжанова Б. Р. – «7М02101 – Дизайн» ББ 1-курс магистранты
III дәрежелі Диплом:
Бекбау Ф. Б. – «6B02102 – Дизайн» ББ 1-курс студенті, Балтағожина А. К. – «6B02102 – Дизайн» ББ 1-курс studentі
Бақытқали М. Н. – «6В02105 – Графикалық дизайн» ББ 2-курс студенті
Отт А. Н. – «6В02101 – Дизайн» ББ 5-курс студенті

