2026 жылғы 28 сәуірде Жоғары өнер және гуманитарлық
ғылымдар мектебінің аға оқытушысы Алиева Аида Натигқызы 6В02105 «Графикалық
дизайн» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған киіз басу бойынша
шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабағы барысында студенттер жүнді дымқыл
әдіспен басу техникасымен танысып, сәндік панно жасаудың негізгі кезеңдерін
меңгерді. Қатысушылар материалмен жұмыс істеудің ерекшеліктерін, композиция
құру қағидаларын, түстік үйлесімділікті және тоқыма өнері арқылы көркем образ
қалыптастыру тәсілдерін үйренді.
Оқытушының жетекшілігімен білім алушылар дымқыл киіз
басу техникасында авторлық паннолар жасап, табиғи жүнмен жұмыс істеудің
тәжірибелік дағдыларын игерді. Сонымен қатар, сәндік-қолданбалы өнердің
заманауи тәсілдерімен танысты. Шеберлік сабағында шығармашылық ойлауды,
көркемдік талғамды және жеке композициялық шешімдерді дамытуға ерекше көңіл
бөлінді.
Өткізілген шеберлік сабағы студенттердің кәсіби
дағдыларын жетілдіруге, жаңа көркемдік техникаларды меңгеруіне және оларды
шығармашылық әрі жобалық қызметте қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.




