Халықаралық байқаудағы жеңіспен құттықтаймыз!

2025 ж. 25 жел., бс, 13:00

25 желтоқсанда өткен “Диалог со временем» атты  халықаралық байқауда Жоғары өнер және гуманитарлық ғылымдар мектебі студентіміз Фатима Құрпанды «Мүсін» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталуымен шын жүректен құттықтайды.

Бұл жоғары жетістік студенттің шығармашылық қабілетін, кәсіби шеберлігін, еңбекқорлығын және өнерге деген адалдығын айқын көрсетеді. Халықаралық деңгейдегі жеңіс университетіміздің білім беру және шығармашылық әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді.

Студенттің шығармашылық дамуына қосқан зор үлесі мен кәсіби жетекшілігі үшін ғылыми жетекшісі Иманғалиева Гүлшат Ақоновнаға ерекше алғыс білдіреміз.

Фатимаға шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер, халықаралық деңгейдегі жарқын жеңістер мен биік белестер тілейміз!

Жоғары өнер және гуманитарлық ғылымдар мектебі сіздің жетістігіңізді мақтан тұтады!


146