«Музей түні» акциясы аясындағы керамика бойынша шеберлік сабағы

2026 ж. 19 мам., сс, 13:00

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде өткен жыл сайынғы «Музей түні» мәдени акциясы аясында ӨжГҒЖМ аға оқытушысы Алиева Аида Натигқызы келушілерге арналған керамика бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Шеберлік сабағына қатысушылар сәндік-қолданбалы өнердің негіздерімен, сазбалшықпен жұмыс істеу ерекшеліктерімен және керамикалық бұйымдарды көркем өңдеудің дәстүрлі тәсілдерімен танысты. Оқытушының жетекшілігімен қонақтар өздерінің керамикалық жұмыстарын жасап көруге мүмкіндік алып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, заманауи керамика өнерінің бағыттары туралы мағлұмат алды.

Шеберлік сабағы әртүрлі жастағы келушілердің үлкен қызығушылығын тудырып, іс-шара бағдарламасының жарқын бөлігіне айналды. Сонымен қатар, ол көркем шығармашылықты насихаттауға, мәдени мұраны сақтауға және сәндік-қолданбалы өнерге деген қызығушылықты арттыруға өз үлесін қосты.


496