Астана халықаралық университетінің магистранты “Science Forward” халықаралық байқауында I дәрежелі диплом иегері атанды

2026 ж. 14 мам., бс, 09:39

2026 жылғы 23 сәуір күні Уфа ғылым және технологиялар

университетінде жоғары оқу орындарының магистранттарына арналған

ағылшын тіліндегі ғылыми жұмыстар презентацияларының “Science

Forward” халықаралық байқауы өтті.

Байқау қорытындысы бойынша Астана халықаралық университетінің

магистранты Мырзакелен Аружан Болатбекқызы ағылшын тілінде ғылыми

жұмысын жоғары деңгейде таныстырып, I дәрежелі дипломмен

марапатталды.

Сонымен қатар, халықаралық байқауға қатысушыны дайындағаны үшін

Астана халықаралық университетінің доценті, филология ғылымдарының

кандидаты Рамазанова Гульнара Хакимовна алғыс хатпен марапатталды.

“Science Forward” байқауына қатысу жас зерттеушілер үшін маңызды

тәжірибе болып, халықаралық алаңда ғылыми жұмыстың нәтижелерін

ұсынуға, ағылшын тілінде академиялық презентация жасау дағдыларын

дамытуға және жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байланысты

нығайтуға мүмкіндік берді.

Мырзакелен Аружан Болатбекқызын және ғылыми жетекшісі

Рамазанова Гульнара Хакимовнаны лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз!

Алдағы ғылыми және академиялық қызметтеріне табыс тілейміз!


4260