Astana International University ұжымы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ахметова Гүлмира Толстойқызының (17.04.1970 – 11.05.2026 ж.) мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтады.
Осы уақыт аралығында Гүлмира Толстойқызы біз үшін өз ісінің нағыз маманы, білікті ұстаз және парасатты ғалым болса, студенттеріміз үшін шынайы құрметке бөленген кең жүректі жан еді. Бірлескен жұмыс барысында ол жоғары жауапкершілігін, өз ісіне адалдығын, нәзіктігі мен адамгершілігін көрсетіп келді.
Мейірімді, жанашыр және асыл тұлға Гүлмира Толстойқызының жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады.
Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.
Astana International University ұжымы
