Қайғылы хабар

2026 ж. 11 мам., дс, 11:35

Astana International University ұжымы Тлешева Айгерім Тлемісқызының

(18.04.1988 –09.05.2026ж.) мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтады.


Айгерім Тлемісқызы еңбек жолында өз ісіне адал, білікті маман, парасатты басшы әрі адамгершілігі мол жан ретінде әріптестерінің құрметіне бөленді. Оның кәсібилігі, жауапкершілігі, мейірімділігі мен жанашырлығы әрдайым жадымызда сақталады.


Жарқын бейнесі мен жақсы істері ұжым жүрегінде мәңгі сақталады.


Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қайғыларыңызға ортақпыз.


Astana International University ұжымы


4648