Академиялық ұтқырлық: Іріктеу кезеңінің нәтижелері

2026 ж. 29 сәу., ср, 13:00

Astana International University-де Baku State University (Әзірбайжан), Algebra Bernays University (Хорватия) және И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетіне (Қырғызстан) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға өтінім берген студенттермен іріктеу сұхбаты өтті.

Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 11 студент анықталды. Іріктеу кезеңі жеке сұхбат форматында өтіп, оның барысында үміткерлердің академиялық үлгерімі, мотивациясы және тілдік дайындық деңгейі бағаланды.

Конкурстық комиссия құрамына университет проректоры (төраға), Жоғары мектеп декандары, академиялық саясат, халықаралық ынтымақтастық және ғылым департаменттерінің директорлары кірді.

Студенттерімізді құттықтаймыз және шетелде сәтті білім алуларын тілейміз!


328