Халықаралық ынтымақтастық: Ош мемлекеттік университетіндегі қонақ дәрісі

2026 ж. 30 сәу., бс, 04:41

2026 жылдың 29 сәуірінде Педагогикалық институттың аға оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі, PhD докторанты Әкімханова Әлия Амангелдіқызы Ош мемлекеттік университетінің (Қырғызстан) профессор-оқытушылар құрамына арналған онлайн қонақ дәрісін өткізді.

Дәріс тақырыбы: «Student-centered learning» (Студентке бағдарланған оқыту).

Кездесу аясында студенттердің белсенді қатысуына, сыни ойлауын және дербестігін дамытуға бағытталған оқытудың заманауи тәсілдері қарастырылды.

ОшМУ оқытушылары келесі мәселелерді атап өтті: — тақырыптың өзектілігі мен заманауилығы; — ұсынылған материалдың практикалық құндылығы.

Қатысушылар алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастыруға және академиялық байланыстарды дамытуға қызығушылық білдірді.


1300