2026 жылғы 16 ақпан мен 30 маусым аралығында 3-курс студенті Исабек Линара
Даниярқызы және 6B04102 «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Ашимхан
Айдана Темирланқызы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Баку мемлекеттік
университеті базасында білім алуда.
Исабек Линараның айтуынша, «Бакуде академиялық ұтқырлық бағдарламасы
бойынша оқу менің барлық күткен үміттерімнен асып түсті: қала әдемі әрі қауіпсіз, ал
адамдар өте мейірімді. Бейімделу оңай өтті, біз елмен және оның мүмкіндіктерімен белсенді
түрде танысудамыз. Ең бастысы — оқу үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылған: білікті
оқытушылар және сапалы білім шынайы әрі практикалық тәжірибе береді».
Баку мемлекеттік университетіндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу
кәсіби және мәдениетаралық құзыреттерді кеңейтуге, сондай-ақ жаһандық академиялық
ойлауды қалыптастыруға ықпал етеді. Халықаралық білім беру ортасында оқу мен өзара
әрекеттесу барысында алынған тәжірибе студенттеріміздің болашақ кәсіби дамуына елеулі
үлес қосып, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.


