Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен іс-
шаралар аясында «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық»
кафедрасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 22 сәуірде сағат 9:00-де Шымкент
қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде
«Халықаралық қатынастар және дипломатия» бағыты бойынша жоғары оқу
орындарының студенттері арасында «Мемлекеттердің сыртқы саясатының жаңа
құралдары ретінде цифрлық дипломатия және жасанды интеллект» тақырыбында
XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада (РСПО) өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – цифрландыру жағдайында мемлекеттердің сыртқы
саясатының заманауи трансформацияларын талдау бойынша студенттердің теориялық
білімдері мен практикалық дағдыларын дамыту, халықаралық қатынастардағы цифрлық
дипломатия мен жасанды интеллект технологияларының рөлін жүйелі түрде түсінуді
қалыптастыру, сондай-ақ дипломатиялық тәжірибеде цифрлық құралдарды қолданудың
өзекті мәселелері мен мүмкіндіктеріне ғылыми-зерттеу қызығушылығын арттыру және
ғылыми-тәжірибелік қызметке қызығушылықты ояту.
Олимпиада командалық және жеке есептер бойынша өтіп, төрт кезеңнен тұрды. Әр
кезеңнің өткізу тілі белгіленді:
– бірінші кезең – «Таныстыру (бейнеролик)» сырттай форматта өтті. Қатысушылар
ұсынылған тілдердің бірін таңдады. Ұзақтығы 1,5–3 минут болатын бейне визитка
дайындап, жоба туралы қысқаша таныстыру қажет болды. Бағалау критерийлері:
мазмұндылығы мен ерекшелігі;
– екінші кезең – қатысушылардың мемлекеттік тілде презентациясы. Бірінші кезеңнен
өткен командалар офлайн форматта қатысып, берілген тақырып бойынша ғылыми жобаны
таныстырып, қорғады. Бағалау критерийлері: өзектілігі, инновациялылығы, бірегейлігі
және практикалық маңыздылығы;
– үшінші кезең – командалардың кейсті талдауы және оны орыс тілінде ауызша қорғауы;
–төртінші кезең – «Дипломатиялық және консулдық қызмет» және «Халықаралық
қатынастар теориясы» пәндері бойынша ағылшын тілінде сұрақтарға жауап беру.
Бұл кезеңде команда жетекшілері жауаптардың жылдамдығы мен нақтылығы арқылы
өз дайындық деңгейін көрсетті. Әр кезеңнің нақты уақыттық регламенті болды.
Олимпиадаға 11 жоғары оқу орнынан 11 команда қатысты.
Астана халықаралық университетінің THINK TANK AIU командасы келесі құрамда
ұсынылды:
1. «Абдулов Маулен – «Халықаралық қатынастар», MO23Б (3 курс, команда
капитаны)
2. Жамаш Еркежан – «Халықаралық қатынастар», МО24А (2 курс)
3. Сағидолла Меруерт – «Халықаралық қатынастар», МО24А (2 курс)
Команда жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, Абдулов Маулен «Үздік дипломат»
номинациясымен марапатталды.
Команда жетекшісі – филология ғылымдарының магистрі, Өнер және гуманитарлық
ғылымдар жоғары мектебінің аға оқытушысы Есенгужина Алия Қайыркельдиевна.
Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар арнайы сертификаттармен, естелік
сыйлықтармен және университет ректоры Мырзагалиева Анар Базаровнаның атына
алғыс хатпен марапатталды.
Студенттерімізді лайықты қатысуларымен құттықтаймыз және ғылыми
бастамаларында табыс тілейміз!

