Астана халықаралық университетінде «AIU – 2026: Жасанды интеллект және
цифрлық трансформация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында
секциялық отырыс өтті.
«Қазіргі цифрлық әлемдегі тарих және халықаралық қатынастар» секциясы 50-ден
астам жас зерттеушілерді, оқытушыларды және сарапшыларды біріктірді.
Баяндамалар тақырыптары өте кең ауқымды қамтыды: архив ісінде жасанды
интеллектіні қолданудан бастап, энергетикалық дипломатияға, мәдени бірегейлікті
сақтауға және ежелгі заңдарды цифрлық әдістер арқылы талдауға дейін.
Рецензиядан өткен барлық ғылыми жұмыстар «AIU – 2026» конференциясының
ресми материалдар жинағында жарияланады. Бұл – студенттер мен магистранттардың
академиялық мансабындағы маңызды қадам.
Жас ғалымдарды сәтті қорғауларымен құттықтаймыз және қол жеткізген
жетістіктермен тоқтап қалмауларын тілейміз! Ғылымның болашағы – цифрлық
трансформация мен батыл идеяларда!





