«Есіл» командасының жеңісі: AIU тарихшылары республикалық олимпиаданың үздік үштігінде!

2026 ж. 24 сәу., жм, 09:56

2026 жылдың 17 сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде

(ЕҰУ) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында ОБ

6В02203 – «Тарих» пәні бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада

өтті. Аталмыш шара Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30

жылдығына орай «Ұлт тарихын зерделеудегі тарихи мұра және тұлғатану»

тақырыбында ұйымдастырылып сәтті өтті. Олимпиаданың мақсаты – студенттердің

зерттеушілік және шығармашылық белсенділігін ашу, олардың зияткерлік әлеуетін

қалыптастыру, дарынды қатысушыларды қолдау, сондай-ақ, өзекті ғылыми мәселелерді

шешуге жастарды тарту.

Олимпиада командалық және жеке есептегі шарттар бойынша үш турдан тұрды. 1-ші

тур сәлемдесу, 2 тур – «Ұлт тарихын зерделеудегі тарихи мұра және тұлғатану»

тақырыбында ғылыми жобаны қорғау, 3 тур – капитандар байқауы – «History Quiz».

Аталмыш сайыста команда көшбасшылары даярлық деңгейлерін, білімдері мен

коммуникативтік мәдениетін дәлелдеу қажет болды. Олимпиадаға 14 жоғары оқу орнынан

14 команда қатысты. Астана халықаралық университетінің «Есіл» командасы, құрамында

Келс Н.А. – Тарих (ғылым)-24 А. (2 курс); Раимбек Б.Ә. – Тарих (ғылым)-23 Б. (3 курс,

Топ көшбасы); Тұрсынұлы Б. – Тарих (ғылым)-25 А. (1 курс); Жүнісбек С.Д. – Тарих

(ғылым)-25 А. (1 курс) аталған сайыстарда өздерінің білімпаздығын дәлелдеп, жеңіс

тұғырынан 3 (үшінші) орынды иеленді. Команда жетекшісі: Өнер және гуманитарлық

ғылымдар жоғары мектебінің профессоры, т.ғ.к. Өскембаев Қанат Сәдуақасұлы.

Олимпиада нәтижесі бойынша жеңімпаздарымыз 3-орындағы дипломмен және

арнайы сертификаттармен марапатталды. Студенттерімізді лайықты жеңістерімен

құттықтаймыз және барлық ғылыми талпыныстарында табыс тілейміз!


2889