2026 жылғы 22–23 сәуірде Astana International University-де «AIU – 2026: жасанды
интеллект және цифрлық трансформация – жастар ғылымын дамыту векторы» атты
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталған іс-шара Қазақстандағы Ғылым күніне, цифрландыру үдерістеріне және жасанды
интеллект тақырыбына арналды. Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар
және жас ғалымдар қатысты.
«Өнер, визуалды мәдениет және дизайн» секциясы бойынша жеңімпаздар анықталды.
I орын Дюсметова Валерия Руслановнаға бұйырды.
II орынды Амангелді Дайана Амангелдіқызы мен Қазақ ұлттық өнер университетінің
студенті Курманбеков Ернур Аскарұлы иеленді.
III орынды Асан Амира Ержанқызы, Джаватов Аслан Феликсович, Есенбек Шұғыла
Құрманбекқызы, сондай-ақ Абдуллаева Сабина Болатқызы мен Орынбасарова Аружан
Ибраевна алды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы ғылыми жетістіктер тілейміз!



