ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ТАЙПАЛАРЫ ТАРИХЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРІК ӘЛЕМІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ: АХМЕТ ТАШАҒЫЛДЫҢ ДӘРІСІ

2026 ж. 15 сәу., ср, 13:00

2026 жылғы 15 сәуірде Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде

Фатих Сұлтан Мехмет Вакыф университетінің (Стамбул, Түркия) профессоры, доктор

Ахмет Ташағылдың «Ежелгі түркі тайпалары тарихының қазіргі түрік әлемінде алатын

орны» тақырыбында онлайн дәрісі өтті. Белгілі тарихшы ежелгі түркі тайпаларының

пайда болуы, алып империяларды құруы, кейін Еуропаны бағындыруына байланысты

құнды деректермен бөлісті. Сонымен қатар қазіргі түркітану ғылымындағы өзекті

мәселелер жөнінде ой қозғады. Дәріске қатысқан Өнер және гуманитарлық ғылымдар

жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы, «Тарих» білім беру бағдарламасының

студенттері, магистранттары мен докторанттары профессор А.Ташағылға сұрақтарын

қойып, өзара пікір алмасты.


769