2026 жылғы 13 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті ұйымдастырған, «Ғылым қызметкерлері күні» аясында өткен
«GYLYM JANE BILIM–2026» – жас ғалымдардың XXI Халықаралық ғылыми
конференциясында «6B01505 – Физика» білім беру бағдарламасының 3 курс
студенттері жоғары нәтиже көрсетті.
Конференция барысында студенттер ғылыми баяндамаларымен
қатысып, жүлделі орындарға ие болды:
• Қасым Маржан Жанайқызы – II дәрежелі дипломмен;
• Кішкене Жұлдыз Асылбекқызы – III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Аталған жетістіктер студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына
белсенді қатысуының және жоғары дайындық деңгейінің айқын дәлелі болып
табылады.
Университет ұжымы жеңімпаз студенттерді құттықтап, алдағы ғылыми
жетістіктеріне табыс тілейді.
