МЕНІҢ ҮЗДІК САБАҒЫМ!

2026 ж. 9 сәу., бс, 08:45

2026 жылдың 19 қаңтары мен 10 сәуірі аралығында алғаш рет

«Биология» білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттері арасында

«МЕНІҢ ҮЗДІК САБАҒЫМ» атты үздік қысқа мерзімді сабақ жоспары

байқауы өткізілді. Іс-шара «ЖОО–мектеп» жұмыс берушілермен өзара

ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды.

Байқау Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінде

педагогикалық іс тәжірибеден өту барысында болашақ биология

мұғалімдерінің тәжірибелік қызметіне негізделе отырып, олардың кәсіби

құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталды.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші (сырттай) кезең мектептерде әс

тәжірибе базасының мұғалімдерінің жетекшілігімен өткізіліп, студент-

практиканттар өткізген сабақтардың ең үздік жоспарлары іріктелді.

Жеңімпаздар 2026 жылдың 3 сәуірінде университет базасында өткен екінші

(көзбе-көз) кезеңге ұсынылды.

Іс-шара студенттердің кәсіби дамуына ықпал етіп, қысқа мерзімді сабақ

жоспарын құрастыру дағдыларын, оқытудың белсенді әдістерін қолдану,

әрбір оқушының қажеттіліктерін ескере отырып сараланған оқыту тәсілін

жүзеге асыру, сыни ойлау дағдылары мен критериалды бағалау құралдарын

тиімді пайдалану қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Байқаудың бірінші кезеңінің жеңімпаздары кәсіби сайысқа қатысқаны

үшін сертификаттармен марапатталды, ал екінші кезеңнің жеңімпаздары AIU

ректорының атынан I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Өткізілген іс-шара болашақ мамандарды даярлауда маңызды рөл

атқарады, өйткені ол студенттердің пәндік және кәсіби құзыреттерін

қалыптастырумен қатар, биология пәні бойынша заманауи әдістемелік

әзірлемелер қорын толықтыруға, сондай-ақ студент-биологтардың

шығармашылық белсенділігі мен зерттеушілік ұстанымын дамытуға ықпал

етеді.

Астана қаласының мектептеріндегі әріптестеріміз Сагатбекова

Серікқайша Қабылғазиновна мен Архыматаева Арай Жақсылыққызына

бірлескен жұмыстағы белсенді қатысулары үшін шынайы алғысымызды

білдіреміз және алдағы уақытта да ынтымақтастығымыз жалғасады деп

сенеміз!


124