Шынайы сұқбат: BLCU студенттері мен Мәжіліс депутаты EXPO төрінде

2026 ж. 9 сәу., бс, 08:40

2026 жыл, сәуірдің 8 күні EXPO орталығында орналасқан BLCU Kazakhstan студенттері мен Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов арасында ерекше форматтағы кездесу өтті. Шараны BLCU директоры Бауыржан Тлеуметұлы модератор ретінде жүргізіп, спикер мен аудитория арасындағы еркін сұқбатқа жол ашты.


Кездесу хаттамалық шеңберден шығып, еркін форматта өрбіді. Студенттер саясатқа қатысты өз көзқарастарын ашық білдіріп, сұрақтарын еркін қоя алды. Өз кезегінде Нұржан Әшімбетов студенттермен «бір толқында» болып, өзекті мәселелерге шынайы жауап берді. Депутат өз тәжірибесімен бөлісе отырып, саясаткер болу табан асты келетін сәттілік емес, қажырлы еңбектің нәтижесі екенін айтты. Ол жастарды еңбекқорлық пен табандылыққа шақырып, тек үздіксіз ізденіс қана үлкен белестерге бастайтынын жеткізді.


Кездесу соңында Нұржан Кемерұлы BLCU филиалының жұмысына жоғары баға берді. Ол небәрі екі жыл ішінде университеттің осындай үлкен жетістіктерге жетіп, сапалы білім мен белсенді студенттік орта қалыптастыра алғанына таңданысын жасырмады. Депутат университет ұжымы мен студенттеріне сәттілік тілеп, кез келген игі бастамаға ашық екенін тағы да растады.


129