БІЛІМ КЕРУЕНІ: BLCU ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІН АРАЛАЙДЫ

2026 ж. 7 сәу., сс, 12:09

Қазақстанда «Study in KZ» атты ауқымды білім беру көрмесі өз жұмысын бастады. Көрме отандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының бағдарламаларын таныстыруды және жастарға сапалы білім алудың жаңа бағыттарын көрсетуді мақсат етіп отыр. Көрмеге Astana International University-ге қарасты Пекин тіл және мәдениет университеті (BLCU) филиалы белсенді қатысуда.

Дәстүрлі түрде көрме қатысушылары Қазақстанның 14 өңірін қамтитын ауқымды ақпараттық турға аттанбақ. Білім керуені барысында болашақ студенттерге Қытайдың үздік оқу орындарының бірінде білім алу, халықаралық қос дипломды бағдарламалар және тілдік тағылымдамалар туралы толық мәлімет беріледі. Бұл бастама еліміздің өңірлеріндегі жастарға халықаралық стандартқа сай білім алуға жол ашады.

Кездесулер кестесі:

  • 8 сәуір – Павлодар

  • 9 сәуір – Семей

  • 10 сәуір – Өскемен

  • 13 сәуір – Алматы

  • 14 сәуір – Қаскелең

  • 15 сәуір – Тараз

  • 16 сәуір – Шымкент

  • 17 сәуір – Түркістан

  • 18 сәуір – Қызылорда

    «Study in KZ» платформасы мен BLCU филиалының бұл ынтымақтастығы болашақ студенттер үшін толағай мүмкіндіктерге қол жеткізудің тікелей жолы болмақ.


209