2026 жыл, сәуірдің 6 күні Алматы қаласында, Arizona State University-ге қарасты Innotech кампус базасында Қазақстан мен Әзірбайжан университеттері ректорларының ІІ Форумы өтті. Халықаралық деңгейдегі бұл маңызды шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Әзірбайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев қатысты.
Форум аясында білім мен ғылым саласындағы өзара ықпалды нығайту бойынша белсенді талқылаулар жүріп, жоғары оқу орындары арасында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды. Біздің университетіміз үшін бұл шара халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің жаңа деңгейі. Университет ректоры А.Б. Мырзағалиева Әзірбайжанның төрт жетекші жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды:
Баку славян университеті;
Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университеті;
Әзірбайжан тілдер университеті;
Хазар университеті.
Сонымен қатар, 2025 жылдан бері университетіміздің серіктесі боп келе жатқан Баку мемлекеттік университетімен қос дипломды және үштік диплом бағдарламаларын іске қосу мәселелері талқыланды. Форум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, екі ел арасындағы академиялық интеграцияны нығайтуға бағытталған стратегиялық қадам болды.



