2026 жылдың 3 сәуірінде «Binom UniBridge» жобасы аясында
Педагогикалық институт директоры Ж. К. Ахмадиеваның қатысуымен
Әлихан Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL базасында ресми кездесу өтті.
Кездесуге BINOM EDUCATION ЖШС директоры Сапарғалиева С.Ш.,
Әлихан Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL директоры Байжанов С.Б. және
Астана қаласының ЖОО өкілдері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты BINOM SCHOOL мен университеттер
арасындағы ынтымақтастық жайында Меморандумға қол қою болды. Келісім
ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға, бірлескен білім беру бастамаларын іске
асыруға және ұйымдар арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға
бағытталған.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық перспективаларын
талқылап, білім беру саласында тәжірибе алмасты.
Іс-шара сындарлы және іскерлік атмосферада өтіп, стратегиялық
әріптестікті дамытудағы маңызды қадам болды.






