Колледж түлектеріне кәсіби бағдар берілді

2026 ж. 3 сәу., жм, 13:01

2026 жылдың 02 сәуірінде Педагогикалық институт директоры Ахмадиева Ж.К., Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Абылайхан С.М., «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының жетекшісі Жумабаева З.Е. және «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының жетекшісі Султанбекова А.Ж. Астана халықаралық университетінің Жоғары колледжінде болды.

Незігі мақсат: колледж түлектерімен кездесу өткізу, оларға кәсіби бағдар беру, университетке түсу ережелері мен мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсыну және колледж бен университет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту болды.

Кездесу барысында университетке түсу ережелері, қабылдау талаптары,  КТ тапсыру үшін тіркелу және оны тапсыру мерзімдері, құжат тапсыру кезеңдері, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпарат берілді. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды, олардың әрқайсысына толық және жан-жақты жауаптар берілді.

Кездесудің соңында университеттің «ДОиВ» ТиПО тобының студенттері (осы колледждің түлектері) мамандыққа қатысты қызықты ойындар ұйымдастырып, іс-шараны әдемі әрі көңілді аяқтауға үлес қосты


143