АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ И. РАЗЗАКОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ

2026 ж. 1 сәу., ср, 12:58

Астана халықаралық университетінің экономика жоғары мектебі оқытушы-

профессорлар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру аясында

2025–2026 оқу жылының екінші семестрінде И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік

техникалық университеті базасында студенттерді оқыту гибридті форматта жүзеге

асырылуда.

Экономика жоғары мектебінің оқытушылары «Қаржы», «Іскерлік келіссөздер»,

«Қаржылық есеп» және «Тұтынушылардың мінез-құлқы» пәндері бойынша оқу

сабақтарын өткізуде. Қауымдастырылған профессорлар А.К. Алпысбаева, Г.К. Байбаш,

Р.А. Ерниязов және профессор М.Ж. Турсумбаева университет-серіктестің 1–3 курс

студенттері үшін 5 кредит көлеміндегі білім беру пәндерін жүзеге асыруда.

2026 жылғы 26–31 наурыз аралығында оқытушылар офлайн дәрістер өткізіп,

«ЕАЭО елдері экономикасының дамуының қаржылық-талдамалық және есептік

аспектілері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Аталған іс-шара Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің профессоры А.А.

Шербекованың 75 жылдығына арналды. Конференция барысында университет өкілдері

экономиканы цифрлық трансформациялау, жоғары білім беру жүйесіндегі корпоративтік


басқару, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту,

сондай-ақ жарнама нарығының дамуына цифрландырудың әсері мәселелеріне арналған

өзекті ғылыми баяндамалар жасады.

Университет-серіктестегі академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру 2026

жылғы қаңтардан мамыр айына дейін гибридті форматта жүргізілуде, бұл білім беру өзара

іс-қимылын кеңейтуге және тұрақты білім алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мұндай бастамалар ғылыми әлеуетті дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты

нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған, сондай-ақ жаһандық білім

беру кеңістігінің заманауи талаптарына және ТДМ 4 «Сапалы білім» міндеттеріне сәйкес

келеді.


166